Қазақша өлең: Бұқар жырау (Арам болған жиырма бес) » ZHARAR © 2016 | бұқар жырау Арам болған жиырма бес өлең стихи на казахском бухар жырау казакша олен, бұқар жырау өлеңдері, стихи на казахском языке бухар жырау, бухар жырау олендери казакша, бухар жырау стихи на казахском языке, Арам болған жиырма бес




  • »

Қазақша өлең: Бұқар жырау (Арам болған жиырма бес)

Қазақша өлең: Бұқар жырау (Арам болған жиырма бес) казакша Қазақша өлең: Бұқар жырау (Арам болған жиырма бес) на казахском языке

Арам болған жиырма бес
Қызықты күндер қыздырған,
Асау талқан бұздырған.
Қызды ауылды көргенде
Бұлаңдатқан жиырма бес
Төскейден қашқан түлкідей
Сылаңдатқан жиырма бес,
Күлдір - күлдір кісінетіп,
Күреңді мінген жиырма бес,
Күрек тісін қасқайтып,
Сұлуды құшқан жиырма бес.
Іздесең де табылмас.
Кәрілік шіркін не қылмас:
Апта бойыңды баса алмай,
Келін бала келгенде,
Аузыңды аша алмай,
Уақыттың ісі қиын - ды.
Уақытымыз жеткен соң,
Айтып-айтпай немене
Мезгіліміз өткен соң?
Жайнап тұрған қызыл шоқ
Су құйылып өшкен соң,
Жайнап жүрген заманым
Басымнан бүйтіп көшкен соң,
Уақытым жоқ , не айтайын,
Уақытым менің өткен соң,
Мезгіліміз жеткен соң.
Қатты тамақ шайнарға
Мен пақырда тіс бар ма?
Арыстандай ақырған-
Бөденеде күш бар ма?


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 133
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .