Қазақша өлең: Бұқар жырау (Құбылып тұрған бәйшешек) » ZHARAR © 2016 | бұқар жырау Құбылып тұрған бәйшешек өлең стихи на казахском бухар жырау казакша олен, бұқар жырау өлеңдері, стихи на казахском языке бухар жырау, бухар жырау олендери казакша, бухар жырау стихи на казахском языке, Құбылып тұрған бәйшешек




  • »

Қазақша өлең: Бұқар жырау (Құбылып тұрған бәйшешек)

Қазақша өлең: Бұқар жырау (Құбылып тұрған бәйшешек) казакша Қазақша өлең: Бұқар жырау (Құбылып тұрған бәйшешек) на казахском языке

Құбылып тұрған бәйшешек
Қурай болар солған соң.
Ақиық бүркіт төмендер,
Екі қанат талғанда.
Сөзге көрме Абылай,
Мен пақырда сән бар ма,
Уақытым мұндай болғанда
Уақытым кетті басымнан,
Хан Абылай атанып,
Жайнап шықтың жасыңнан
Малмен ісің болғанда,
Уақытыңыз толғанда,
Қарашаң қашар қасыңнан.
Ханның жақсы болмағы-
Қарашаның елдігі.
Қараша халық сөйлесе,
Алтыннан болар белдігі.
Жақсы жігіт ұл туса,
Патшадан болмас кемдігі.
Айтсам сөзім таусылмас,
Тоқтатайын сөзімді.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 122
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .