Қазақша өлең: Шернияз Жарылғасұлы (Тостағанды қолға алып) » ZHARAR © 2017 | шернияз жарылғасұлы Тостағанды қолға алып өлең стихи на казахском шернияз жарылгасулы казакша олен, шернияз жарылғасұлы өлеңдері, стихи на казахском языке шернияз жарылгасулы, шернияз жарылгасулы олендери, шернияз жарылғасұлы өлеңдер жинағы, Тостағанды қолға алып




  • »

Қазақша өлең: Шернияз Жарылғасұлы (Тостағанды қолға алып)

Қазақша өлең: Шернияз Жарылғасұлы (Тостағанды қолға алып) казакша Қазақша өлең: Шернияз Жарылғасұлы (Тостағанды қолға алып) на казахском языке

Тостағанды қолға алып,
Айқай салған жиырма бес;
Шаншатұғын найзадай
Қылтың еткен жиырма бес;
Шабатұғын қылыштай
Жылтың еткен жиырма бес.
Жиырма бестен өткен соң,
Орда бұзған отыз бес.
Отыз бестен өткен соң,
Қынсыз қылыш қырық бес.
Қырық бестен өткен соң,
Емен шоқпар елу бес.
Елу бестен өткен соң,
Әрмен-бермен алпыс бес.
Жетпіс беске келген соң,
Сексен беске жеткен соң,
Ұлың жүрер ұялмай,
Қызың жүрер тіл алмай,
Сол мезгілде жүрерсің
Белге соққан жыландай.
Сексен бестен өткен соң,
Тоқсан беске кеткен соң,
Шөңге болар түсіңіз,
Жылап тұрар ішіңіз,
Бойдан кетер күшіңіз.
Сол мезгілде болғай - ау
Сыйлайтүғын кісіңіз.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 169
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .