Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Қордай асуы. Желтоқсан...) » ZHARAR © 2017 | мақпал мыса Қордай асуы. Желтоқсан... өлең стихи на казахском макпал мыса казакша олен, мақпал мыса өлеңдері сайты, стихи на казахском языке макпал мыса, макпал мыса олендери, Қордай асуы. Желтоқсан...




  • »

Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Қордай асуы. Желтоқсан...)

Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Қордай асуы. Желтоқсан...) казакша Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Қордай асуы. Желтоқсан...) на казахском языке

Сәті туса сапардың бақ табар ем,
Аппақ дүние,
Аппақ қар,
Аппақ әлем...
Асуынан Қордайдың мені асырар,
Ақ әлемге қанатын қаққан өлең.

Дүбір іздеп дүлдүлім таң асқасын,
Ақ дүниеде белгілі адаспасым...
Айыр қалпақ ағайын қарсы алады,
Асу бермес Қордайдан ары асқасын.

Сапар басы үкілі үміттейін,
Мақтарсыңдар жырымды ұғып кейін...
Асу бермей алдымда Қордай жатыр,
Ақ түтегі түтілген түбіттейін.

Көліне жыр сыйласам,
Көгіне нұр,
Ақ дүниенің атауы –
Өмір – Өмір...
Қалпағының түсіндей көңілі бар,
Сәлем берсем деп едім еліңе бір!

Шығып жатқан жайым жоқ күнде асуға,
Қырғыз доспен ойым бар сырласуға.
Хантәңірдің қызы едім хан сыйлаған,
Қайран Қордай асуы,
мінбе ашуға!

Бастап кетсең болады, думан, қырғыз,
Аман-есен өткен соң Шудан бұл қыз!
Оң жағымнан айымды туғызарсың,
Айтматов Шыңғысты туған қырғыз.

Ырға қосса ырымдап шырқап бәрі,
Тірлігінің басылар бұрқақтары.
Ақын қызын қазақтың аяласын,
Маң мінезді Манастың ұрпақтары!

Теңгермейтін текті едің жұлдызды Айға,
Бұрқасындар мойныңды бұрғызбай ма?
Қордай асу!
Қойсаңшы ашуланбай –
Бұл қыз қайда,
дүние-ай,
қырғыз қайда?!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 76
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .