Қазақша өлең: Кенен Әзірбаев (Көпшілік көрсін әнімді) » ZHARAR © 2016 | кенен әзірбаев Көпшілік көрсін әнімді өлең олен стихи на казахском языке кенен азербаев, кенен азербаев андери, кенен азербаев олендери казакша, кенен әзірбаев олендери, кенен әзірбаев өлеңдер жинағы, кенен әзірбаев өлеңдерінің сөзі, Көпшілік көрсін әнімді




  • »

Қазақша өлең: Кенен Әзірбаев (Көпшілік көрсін әнімді)

Қазақша өлең: Кенен Әзірбаев (Көпшілік көрсін әнімді) казакша Қазақша өлең: Кенен Әзірбаев (Көпшілік көрсін әнімді) на казахском языке

Мен өзім дулат деген елден келдім,
Көлқопа, Қордай деген жерден келдім.
Жас бала, жаңа талап мен бір қойшы,
Туғалы мұндай жиын көрмеп едім.

Қайырмасы:
Кебекбай, Ноғайбай,
Ақын болу оңай ма-ай,
Көпшілік көрсін әнімді-ай!

Мен өзім інісі едім Сарыбастың,
Он жаста ел тойына араластым.
Өлерде мені Сарыбас шақырып ап,
Тапсырды аманат деп домбырасын.

Қайырмасы.

Мен өзім жол көрмеген ақын едім,
Атақты ақын Сарыбастың жақыны едім.
Өнерім өр қияға алып ұшты,
Астында алты уықтың жатыр едім.

Қайырмасы.


Бұлбұлға
Ей, бұлбұл, сен де бұлбұл, мен де бұлбұл,
Қаңғыртқан екеумізді патша құрғыр.
Айырылып ел мен жерден жүрген шақта,
Жұбатып ертелі-кеш, қасымда сайра да тұр.

Қайырмасы:
Алатау, сағындым-ау асқар белін,
Қордайдың көкседім-ау,
Шіркін-ай, қоңыр желін!

Ер жігіт шетте жүрген ел сағынар,
Елден соң туып-өскен жер сағынар.
Туған жер, өскен халқым, орның бөлек,
Болмаса қырғыздан да сыйласар ер табылар.

Қайырмасы.

Ер жігіт тірі шақта нені көрмес,
Ер болса қасіретке бойын бермес.
«Ел кегі жауға кетпес» деген халық,
Дегенге кек қайтпайды көңіл сенбес.

Қайырмасы.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 518
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .