Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Жарығым) » ZHARAR © 2016 | мақпал мыса Жарығым өлең стихи на казахском макпал мыса казакша олен, мақпал мыса өлеңдері сайты, стихи на казахском языке макпал мыса, макпал мыса олендери, Жарығым




  • »

Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Жарығым)

Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Жарығым) казакша Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Жарығым) на казахском языке

Жарық дүние !
Мың сәлем жарықтарға !
Жарықты кімдер қалай парықтауда...
Күн мен түннің арасын жалғастырып,
Бір жарық ән көгімде қалықтауда.

Бақ құсы ма басыма танып қонып,
Өлең менен өрлерде қалықтадық.
Бес күн жалған дүниенің жарығына,
Келіп қалған екенбіз «жарық» болып.

Жүрміз біздер өмірдің сынағында,
Құладым ба,білмеймін жыладым ба?
Жарығым деп демейтін мені үнемі ,
Анашымның дауысы құлағымда...

Өмір деген осылай өте ме екен,
Бір басыңа қайғы–мұң жетеді екен.
Жарық жандар жанымен арай шашып,
Жарық сыйлап өмірден өтеді екен...

Мұңға тұнып мұңайды неге өлеңім,
Тағдыр менің жолымды бөгемегін!
Өліара шақ...
Беймезгіл уақыттарда,
Мен өзіңді жарығым деген едім..

Жарастырмас өмірдің бұл өктемі,
Түнді түрдім тылсыммен түнектегі.
Мен сүйгем жоқ ,
Сүйгені өлең болар...
Жарығым-ай,
жаным-ай жүректегі...


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 126
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .