Қазақша өлең: Айбек Бестенқұлов (Неліктен) » ZHARAR © 2016 | махаббат туралы өлең шумақтары, махаббат туралы өлеңдер, Айбек Бестенқұлов Неліктен өлең олен Айбек Бестенкулов стихи на казахском, Айбек Бестенқұлов




  • »

Қазақша өлең: Айбек Бестенқұлов (Неліктен)

Қазақша өлең: Айбек Бестенқұлов (Неліктен) казакша Қазақша өлең: Айбек Бестенқұлов (Неліктен) на казахском языке

Кетпе дегенде
Ептеп өлеңге
Құлақ салмадың неліктен

Дастаным әнім
Басқаның бағын
Жұмақ санадың неліктен

Махаббат әнім
Жаралы жаным
Ем таппай жүр ғой әлі де

Бағынғаның да
Сағынғаның да
Алдамшы екен ғой бәрі де

Өңменен түстер
Сөзбенен істер
Қарама-қайшы неліктен

Жігіт сөзімді
Тұнық сезімді
Бағаламайсың неліктен

Ұнатпасаң да
Жырақтасаң да
Сен де ойланарсың көрде тұр

Жаныммен күйдім
Арыммен сүйдім
Махаббатыма мен кепіл!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 277
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .