Қазақша өлең: Мейірхан Ақдәулетұлы (Күз. Тоба) » ZHARAR © 2016 | күз туралы өлең, куз туралы олен , стихи на казахском языке про осень ,Мейірхан Ақдәулетұлы Күз Тоба өлең олен мейрхан акдаулетулы стихи на казахском




  • »

Қазақша өлең: Мейірхан Ақдәулетұлы (Күз. Тоба)

Қазақша өлең: Мейірхан Ақдәулетұлы (Күз. Тоба) казакша Қазақша өлең: Мейірхан Ақдәулетұлы (Күз. Тоба) на казахском языке

Ақты жұлдыз тас төбемнен "ағалап",
арашаға түспедім.
Салдақы түн сақ-сақ күлді табалап,
бармағымды тістедім.

- Жаз өт-ті-і! - деп жасыл бояу жылайды -
мен қайтейін, сарғаяр.
Қарғағансып қараңғыны - Құдайды
қалтыраған шам да - аяр.

"Туған екем - өлерімді білем мен,
таңды қарғап күн батар...
Сынық сәуле күтіп қайтем біреуден,
қай жанарды құрғатам?"

"Ж-жа-алға-асың-ң" деп Мәңгіліктің жағасын,
жұлқылап ем, қыңбады.
Жесір-өмір жұбатады баласын -
жырым-жырым құндағы...

Мың ғасырлық Мәңгі Ойынның мәні - осы,
Бояуы тек көнерген.
Ме-ен?
... сәбимін
сенімі мен дәмесі
өзінен Зор,
өлермен...


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 1 023
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .