Қазақша өлең: Ақерке Асан (Қайтемін)

Қазақша өлең: Ақерке Асан (Қайтемін) казакша Қазақша өлең: Ақерке Асан (Қайтемін) на казахском языке

Мендік дерттің таусылғанда ар-күші,
Жалғыз жырым демеу болып қалсыншы,
Амалсыздан терезеңе соғылса
Көздерімнің мұңға толы тамшысы.

Қара бұлтты мына маған қалдырғын,
Түнде жауған тамшысындай жаңбардың,
Түнегімде қалайыншы, бәрібір -
Мен сезімге намысымды алдырдым.

Күз болатын...өзіңменен алып кет!
Қалып қойса, қайтем егер, қалың кек?!
Бір көктемді күтейін мен мәңгілік,
Тапталмасын жамандарға арым тек.

Жарық күнді, қайтем енді, Жарығым?!
Жалғыз жанның неке кескен жары -Мұң...
Қызыл іңір жұтпағанша, көңілдің
Үдей берер сергелдең мен зары тым.

Мұңлы әнім тербетеді Ай демін,
Дертім - өзің, өтінемін айт емін!
Бәрің қойшы, Жүрегіңе байланған -
Кеудемдегі Жүрегімді қайтемін?!..




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, ақерке асан Қайтемін өлең стихи на казахском акерке асан казакша олен, ақерке асан өлеңдері сайты, стихи на казахском языке акерке асан, акерке асан казакша олендер, Қайтемін, ақерке асан Қайтемін өлең стихи на казахском акерке асан казакша олен, ақерке асан өлеңдері сайты, стихи на казахском языке акерке асан, акерке асан казакша олендер, Қайтемін, Қазақша өлең: Ақерке Асан (Қайтемін), Қазақша өлең: Ақерке Асан (Қайтемін) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке