Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Көзімнен көктем көшкелі....) » ZHARAR © 2016 | бақытгүл бабаш Көзімнен көктем көшкелі өлең стихи на казахском языке бахытгуль бабаш казакша олен, бақытгүл бабаш өлеңдері сайты, стихи на казахском языке бахытгуль бабаш, бахытгуль бабаш казакша олендер, Көзімнен көктем көшкелі




  • »

Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Көзімнен көктем көшкелі....)

Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Көзімнен көктем көшкелі....) казакша Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Көзімнен көктем көшкелі....) на казахском языке

Көзімнен көктем көшкелі,
Тербемед сезім еш мені.
Көңілімнің көркем серігі-ау,
Түсінбей жүрсем, кеш мені!

Қызыға маған қарайсыз,
Биікке бәлкім балайсыз?
Тордағы тоты халіме,
Құштар боп жүрсіз қалай Сіз?

Көгімде үнсіз тұр Ай. Күз.
Көңіл де сынық, шырайсыз.
Жырым да жырым жүректің,
Жағдайын несін сұрайсыз?

Қадірін білмей жарықтың,
Жабығып жүрген ғаріппін.
Ақбөкен-тірлік тұсаулап,
Аулақта маңып қалыппын.

Саялар тау да, төбе жоқ.
Кеудемде бір күн сөнер от.
Көріне ме екем Сізге мен,
Төгілген мөлдір Өлең боп?

Сорқұдық жаққа қонбаңыз.
Тұрлаусыз, тарау жолдамыз.
Жақындап, күйіп не етесіз,
Алыста-а-ан ғана қолдаңыз!

Көзімнен көктем іздеген,
Бір ізгі жансыз Сіз деген!
Мен бұлай сеніп ешкімге,
Сырымнан алқа тізбегем.

Бақытты балап таңыма,
Орайын жыр қып жаныма.
Самал боп үнсіі-із ұшып кеп,
Қонайыншы алақаныңа!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 108
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .