![]() |
|
![]() |
Мұғалімдер күні бүгін

Мұғалімдер күні бүгін, күні ұстаздың шаттанған,
Шәкіртіне дем бергізген, жеткізеді деп баққа арман.
Ұстаздардың күні бүгін, бар тілегі өмірде
Сол шәкірттің өрге жүзген еңбегімен ақталған.
Мұғалімдер күні бүгін, шаттық күйге кенелген,
Ұстаз жүрек сырлас әр кез білім атты өнермен.
Олар шәкірт кеуделерге сол білімнен нәр құйып,
Өмір жолда ізгілікті еңбегімен еленген.
Тойланатын әр жыл сайын, қазан айы туғанда,
Ұстаздардың мейрамы осы, толы ән мен жырларға.
Төрдегі орын Сізге, Ұстаз, төр Сіздікі, Мұғалім!
Барлық жан да соны қалар, ұстаз көңіл тұрғанда.
Мұғалімдер күні бүгін, көңілге бар сыйлары,
Шәкірттері оларға гүл, ән де, жыр да сыйлады.
Тек ұстаздың мерекесі емес бүгін, шынында,
Сол Ұстаздан тәлім көрген барлық жанның мейрамы!

Авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласы
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Қазақстанда қайырымдылық саласындағы тұлғаларға арнайы атақ беріледі 17.06.2022
» “Қорықпай Солтүстік өңірге көшуге шақырамын”: Солтүстіктен пәтер алған отбасылар алғысын білдірді 12.06.2022
» МӘМС бойынша жеңілдікке ие 15 санаттың тізімі белгілі болды 12.06.2022
Ілмектер: Қазақша өлең: 5 Қазан - Ұстаздар (Мұғалімдер) күні, Қазақша өлең, 5 Қазан - Ұстаздар (Мұғалімдер) күні қазақша өлең, ұстаз туралы өлең, ұстаз туралы өлең жолдары, ұстаздар туралы өлең шумақтары, мұғалім туралы өлең шумақтар, ұстаз туралы өлең, ұстаз туралы өлең шумақтары, ұстаз туралы өлең жолдары, устаз туралы олен жолдары, устаз туралы олен шумактары, устаз туралы олен, мугалим туралы олен, стихи на казахском языке учителю, стихи на казахском языке на день учителя