Ғабиден Қожахмет (Жас ұстазға тілек)

 Ғабиден Қожахмет (Жас ұстазға тілек)

Талабыңмен танып білген ілімді
Қолдандың да, ұстаз болдың бүгінгі.
Жүрегіңді білім-нұрға билетіп.
Жүрсің-дағы шәкіртке сыр үйретіп.

Жалқаулық пен еріншектік танытпай,
Жауһар білім іздетесің жалықпай.
Жетелетіп ізгілікке қадамын,
Жүрегіне білім құйдың баланың.

Келмесең де жасқа-дағы кемелді,
Еткен еңбек көпшілікке еленді.
Тек өзгелер қызығумен қарайды,
Бәйге-сында шаң қаптырдың талайды.

Өз ойыңмен ақыл-білім өлшеттің,
Шәкіртті де ізіңе ерген көрсеттің.
Біле білсек, ұға білсек жайыңды,
Көпке еңбегің қазірден-ақ жайылды.

"Жас - іске" деп, білім жолға сен келдің,
Жаңа заман бағдарын тез меңгердің.
Ғасырыңның құралы да шындығын
Саған ашты - қолыңда ойнап тұр бүгін.

Шындығында, маманысың сен істің,
Қазірден-ақ тәжірибеңді бөлістің.
Сен бүгінгі жас ортаның өкілі,
Ізденуің - жемісіңнің кепілі.

Табыстарың табыспенен жалғасты,
Әр шәкіртің ғылымменен сырласты.
Сен оларға білім нұр боп ашылдың,
Ұстазысың алға апарар ғасырдың.

Талаптыға тағылады дүйім сын,
Дос сүйініп, дұшпандарың күйінсін.
Жая берсін қанат қағып өркенің,
Осы бақтың жығып алма желкенін!

Бағдарына айнала алған баланың,
Жас ұстазға үміт артты заманың.
Өзің жайлы берілетін баға көп,
Сен бүгінгі нағыз ұстаз - педагог!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу

Ілмектер: ғабиден қожахмет Жас ұстазға тілек өлең олен стихи на казахском габиден кожахмет, габиден кожахмет өлең олен стихи на казахском, габиден кожахмет олендери, ғабиден қожахмет өлеңдері, Жас ұстазға тілек, ұстаздар күніне құттықтау сөздері, мұғалімдер күніне құттықтау сөздер, ұстаздар күніне арналған құттықтау сөз тілек, устаздар кунине арналган тилектер куттыктау создер, мугалимдер кунине арналган тилектер куттыктау создер, поздравление на казахском языке на день учителя, Казакша куттыктау тилек мугалим устаз куни, поздравления на казахском языке на день учителя, жас ұстазға құттықтау, жас ұстазға құттықтау тілек тилек, ұстаздар күніне тілектер, мұғалімдер күні құттықтау сөз тілек, 5-қазан мұғалімдер күні, 5 қазан - ұстаздар күні тілек құттықтау сөз, ұстаздар күніне арналған құттықтау сөздер, мұғалімдер күніне арналған құттықтау сөздер, устаздар кунине арналган куттыктау создер, мугалимдер кунине арналган куттыктау создер