Мұғалімдер сайысына таныстыру

 Мұғалімдер сайысына таныстыру

Армысыздар, бар әріптес, қазыларым,
Сайыскерлер сайыста сынар бағын.
Кетейін мен өзімді таныстырып,
Көрермен қошеметпен қабыл алғын.

Көп уақыт болмаса да тәжірибем,
Еңбегімнің жемісі нәтижелі.
Қыр – сырын осы қиын мамандықтың,
Игеріп келемін мен күннен – күнге.

Әр баланы зерттеуде жеке дара,
Атқарып жүрмін түрлі іс пен шара.
Үнемі жүргіземін оқушылармен,
Әртүрлі тақырыпта тәрбие шара.

Сондықтан еңбек еткен үлкен күшпен,
Аянбай оқып ылғи ізденіспен.
Ізденгеннің мұратқа жетері анық,
Сайыстардан келермін мен жеңіспен.

Жасымда ..... Сәби деп соқты жүрегім,
Түсіне білем баланың тәтті тілегін.
Есімім - ...., ұлтым - Қазақ білсеңіз,
Қызметтегі мамандардың бірі едім...!

Әрқашан да Елдік Алғы көштегі,
Салғаным бар күш - Қызметкерлік істегі.
Бағым сынау, жетілу мен даму .
Сайысқа қатысудағы мақсатым да осы еді.

Ел ертеңі - өскелең ұрпақ- балада,
Сол ұрпаққа тәрбие берудемін...
Осы күнге дейін қанша жыл өтсе арада,
Сонша жыл тыным таппай келудемін.

Маңғыстау облысы,Ақтау қаласы,
№13 орта мектеп гимназиясының биология пән мұғалімі
Мырзабекова Бахтыгуль Мустахиевна
«Әдемі қыз – көзіңе жақын, әдепті қыз көңіліңе жақын»


Мұғалімдер сайысына таныстыруМұғаліммін.
Жұмыскер жай адаммын.
Жас өренге мейірі бай адаммын.
Космос ашқан жанкешті болмағанмен,
Ұстаз деген атаққа сай адаммын.

Ой түзейді жас ұлан маған қарап,
Бой түзейді жас ұлан маған жанап.
Шәкірт пікір ұштайды мен арқылы,
Сондықтан да төтенше маған талап.

Балаға мен — әрқашан сая жаймын.
Асылымды бойда бар аямаймын.
Өреннің де қан құям жүрегіне,
Бағуандай гүл күткен аялаймын.

Ұландарым — ұятым, ар-намысым,
Бала — менің қуатым, алданышым.
Өткен түнім ұйқысыз, күлкісіз күн
Жас өреннің қанатты арманы үшін.

Iзденісім, еңбегім, тебіренісім,
Ақыл-ойым, жігерім — жер жемісім…
Бәрідағы балаға — оқушыма,
Ұстаз тұтып соңыма ергені үшін.

Туған айдай толықсып туған айдай.
Келіп тұрмын сайысқа толған айдайын.
.... жүзден, ..... руы ұрпағымын.
Жүсіптің қызымын Гүлжандай.

Болғам бүгін аяулы жар ардақты ана,
Екі ұлым, бір қызым бар құшағымда.
Жас маман боп атанамын бұл күні мен
Намысымды қолтығыма қысамын да.

Ағылшыннан беремін сабақ талай
Кетейін өр мінезімді сабақтамай.
Намысым бар бойымда батылмын да,
Келгенім жоқ білімімді жасақтамай...

Жас ұстаз Қасымбаев Медет Иманбекұлы видео таныстыру


Лариса Сердалиева видео таныстыру


Химия пәнінің мұғалімі Жаннұр видео таныстыру


Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гульмира видео таныстыру


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу
Пікірлер 8
  1. Оқырман Айгүл
    Оқырман Айгүл 14.11.2023 22:57
    0 + 0 -
    Өнерлі ұстаз байқауына таныстыру керек еді
  2. ұстазға таныстыру
    2 + 0 -
    Г-гүлі боп мына ғаламның
    Ү - үмітпен бірге жаралған
    Л-лағылы болып өмірдің
    Ж-жұпары болған даламның
    А- ақылшы болып шәкіртке
    Н-нұрлы күн сыйлар талай мың!
    ЗЕЙІН САЛШЫ СӨЗІНЕ
    Ұ-ұқыпты -Нургуль Н
    С-сабырлы- Казима Б
    Т-талантты - Айнур
    А-ақылды -Шынар
    З-заманауи - ұстаз -Бану С
    Мұратбайқызы Гүлжанның.
  3. мұғалімге таныстыру
    4 + 0 -
    Қайырлы күн!
    Мен- ұстазбын,
    Бала жайын ойлайтын,
    Шәкіртінің қызығына тоймайтын.
    1. Оқырман Жулдыз
      Оқырман Жулдыз 23.04.2023 17:24
      0 + 0 -
      Керемет
  4. таныстыру жыл мұғалімі
    3 + 1 -
    Мен-ұстазбын, психолог, тәлімгер
    Күндіз-түні болып жүрер әбігер
    Ойға да кетем,
    Япыр-ай, қашан босаймын
    Диагностика, мониторинг жасаймын.
  5. жыл мұғалімі таныстыру
    0 + 0 -
    Мен-ұстазбын,
    Әрине, мен дидактикпын
    Теорияны терең білер,
    Қас шебермін, практикпін.
    Толық емес тұлғамын, бір еліктей
    Сангвиникпін, жүремін мен желікпей.
  6. жыл мұғалімі
    жыл мұғалімі 02.05.2022 17:04
    0 + 1 -
    Білемін алда, көп екенін белестің
    Валеологпін, мен дилетант емеспін.
    Мен- ұстазбын
    Полилингвист маманмын
    Жас маманы бірлестіктің
    Құзыретті адаммын.
  7. Оқырман Аяулым
    Оқырман Аяулым 29.03.2022 15:34
    0 + 0 -
    Таныстыру
    Сәлем бердік сәлем беру салтымыз