Таныстыру (Көктем аруы)

 Таныстыру (Көктем аруы)

Армысың, ағайын, жиылған жұрт,
Сіздермен әркез бірге береке-құт
Бақ сынап алдарыңызға келіп тұрмын
Қуаныштан жүрегім алып--ұшып.
Айтайын мен өзімді таныстырып,
Атадан қалыптасқан әдет-ғұрып,
Үлкендердің алғанмын өнегесін,
Біліңдер.....(атаңның атын жаз) немересін.
Еркелеген еліме көріктімін,
Көктем аруы байқаына келіп тұрмын,
Танымасаң ағайын, Айданамын,
Сәлемімді сіздерге беріп тұрмын

Армысыздар халайық!
«Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді дегендей қымбатты ұстаздар, ата - аналар және қарсыластарым. 8 - наурыз мерекесі құтты болсын. Бәріңізге зор денсаулық, мол бақыт тілеймін.
Зейнуллатегі Жанерке Кемелқызы
Руым, тама - бәйет, кіші жүздің сұлу қызы мен болам.
Менің атымды Жанерке деп қойған себебі жаны таза болсын, ерке болсын деп Жанерке қойған.

Үкілі кәмшәт, бүрмелі көйлек киген
Қазақтың ерке қызымын.
Ән айтып, мың бұрала билеген,
Мұратқызы Зинегүл мен болам.
Дәстүрін елдің сақтаған,
Иіліп халқыма бас иіп сәлем берем.
Ел жатқанда жатпаған,
Біз деп тыным тапаған - деп
Аналарды мерекелерімен құттықтаймын.
Құрбыларыма сәттілік
Өзіме жеңіс тілеймін.

Армысыздар ұлағатты ұстаздар,
Бармысыздар жігерлі дос құрбылар.
Қарсыласым сәлем бердім бәріңе,
Бас иемін сәлем беріп иіле!

Тектіліктен жаралған қазағымның,
Ерекше дара туған қыздарыңмын.
Шуақ шашқан көктемнің шуағындай,
Арайлым атты кішкентай қыздарыңмын.

Жүріп келем өзін салған ізбенен,
Жақын болар әкесіне қыз деген.
Орта жүздің таз атты руынан,
Асқар таудай әкем бар Сәтжан деген.

Әділқазы алқалары бүгінгі,
Әр аруды бағалай біл өнерлі.
Қарсыласым баршаңызға сәттілік.
Достық деген арттырайық ұғымды.

«Қыз аруы» атты мына сайыста,
Қарсыласым шаба білген майыспа.
Өнердің өрлетейік өр кемесін,
Мына жұрт таңырқамай кетпесін.

Ғажайып күн мен үшін,
Осы мейрам әрине.
Бәрі асыл ана үшін,
Қарыздармын мәңгіге.
Алақаны аяулы,
Ұмыттырар қайғыны.

Бұл сиқырлы алақан,
Жақсы іске баулиды.
Сайысқа мен келіп тұрмын,
Жайшылық Гүлден аты – жөнім.
Сәттілікті тілеп тұрып,
Бас иемін сіздер үшін.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу
Пікірлер 5
  1. көктем аруы
    көктем аруы 03.05.2022 11:54
    23 + 14 -
    Армысыздар жамағат,
    Сәлем бердім сіздерге.
    Көктемнің бұл байқауы,
    Келіп жеткен біздерге.

    Гүл көктемдей құлпырған,
    Арулармыз мына біз.
    Жанарында сыр тұнған,
    Ару қыздар мына біз.

    Мен боламын шырайлы,
    Шымкенттің бір қызы.
    Асқарқызы Арайлым,
    Тамыр жайған гүл қызы.

    Салтан менің анашым,
    Мейрімдікке бастайтын.
    Кіші жүздің қызымын,
    Қиындықтан саспайтын.

    Бұл көктемнің аруы,
    Болу үшін келгенмін.
    Маржан сөзді әспеттеп,
    Теру үшін келгенмін.
    Өнерлі жан атанып,
    Жеңу үшін келгенмін.
  2. таныстыру, көктем аруы
    10 + 8 -
    Армысыздар ағайын,


    Сәлемдесіп алайын.


    Орта жүздің қызымын,


    Көңіліңді табайын.





    Оңтүстіктік тумасы,


    Асқарқызы Араймын.


    Шуақ шашып әр таңда,


    Күннен нұр боп тараймын.





    Салтанаттың қызымын,


    Үллкенге етер құрметін.


    Қонақтарға күлімдеп,


    Көрсететін қызметін.





    «Көктемгі ару» байқауы,


    Көктемгі күй сыйлайды.


    Аруларды құлпырған,


    Бір арнаға жинайды.





    Ал арулар жайнаған,


    Тілеймін тек сәттілік.


    Көктемдейін жаңарып,


    Құлпырыңдар мәңгілік!
  3. Байқауы бұл көктемнің
    8 + 4 -
    Сәлем бердім баршаға,


    Иіліп мен ағайын.


    Байқауында көктемнің,


    Шамнан шырақ жағайын.





    Нұрланқызы Гүлбану,


    Мен боламын жарандар.


    Таныстырам өзімді,


    Маған қарай қараңдар.





    Алтынайдың қызымын,


    Жарқыраған күн, айдай.


    Келдім Батыс жерінен,


    Бұлбұлдайын мен сайрай.





    Кіші жүзден тараған,


    Мен қазақтың гүлімін.


    Жүрегінен ағылар,


    Әні менен жырымын.





    «Көктем ару» байқауы,


    Қызықты өтсін бүгінгі.


    Сәттілік қыздар, арулар,


    Жақсы өткіз бұл күніңді...
  4. «Көктем аруы» байқауына
    4 + 0 -
    Иіліп сәлем берейін,
    Армысыздар ағайын.
    Мен де келдім байқауға,
    Сыйлап таңның арайын.

    Алмасқызы Адина,
    Мен боламын, қараңыз.
    Үндесейік сыйласып,
    Алыс болмай арамыз.

    Анам аты Қарлығаш,
    Мейіріммен үндейтін.
    Кіші жүздің қызымын,
    Менмендікті білмейтін.

    Келген ару Шығыстан,
    Мен боламын жамағат.
    Шүкірліктен танбайтын,
    Бойында бар қанағат.

    Көктем келді жайқалып,
    Көк бейнесі байқалып.
    «Көктем ару» сайысы,
    Аруларға ой салып.

    Баршаңызға сәттілік,
    Серік болсын арулар.
    Көктемдейін құлпырып,
    Әрбірің бақ табыңдар!
  5. Оқырман Жания
    Оқырман Жания 11.02.2022 17:39
    4 + 1 -
    Жания Нуралы
    Кіші жүз руым төрт қара