Әмірхан Балқыбек (Тамыз айы. Түн)

 Әмірхан Балқыбек (Тамыз айы. Түн)

Жаның ынтық жазылмаған өлеңдей,
Түн көгiнде жұлдыз неткен көп едi.
Қаз қаңқылы таяп қалды дегендей,
Жаз да, мiне, тәмамдалып келедi.

Оны маған самал айтты таңдағы,
Айтты және күнтiзбектiң парағы.
Қуаныштар аз ба күткен алдағы,
Соны ойласам, жаным жылып қалады.

Жазды өттi деп кiнәлауға бола ма,
Қаз да кетсiн жылы жаққа ауып бiр...
Елiме құт-берекелi даламда,
Құт-береке жұлдыз болып жауып тұр.

Өңiрге осы қарататын тың көзбен,
Өмiрге де бойлататын жаңаша.
Жанға жайлы бiр ғажайып үн кезген,
Тамыз, түнiң тамаша екен, тамаша.

Түнiң, айым, ерлер шарлар ағызып,
Өзi ме едi атам айтқан аңыздың:
Тамыз, тамыз, бер жаныма тамызық,
Дәптерiме бiр жұлдызды тамызғын.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі