Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Есіңде ме.) » ZHARAR © 2017 | мұқағали мақатаев Есіңде ме өлеңі , мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері , мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы,




  • »

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Есіңде ме.)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Есіңде ме.) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Есіңде ме.) на казахском языке

Есіңде ме?
Екеуміз де елде едік.
Екеуміз де жоқ нәрсеге шөлдедік.
Ағайынның айтқанына көнбедік,
Ойлап тұрсам...
Жасаппыз ғой пенделік.
Нені көрдік?!
He бітіріп, жөндедік?!
Нені сездік?
Нені көрдік, досым-ау?!
Аңсап көрген арманымыз осы ма?!
Елге қайтып кетеді деп шошыма,
Оралмаймын бір жығылған қасыма!
Есіңде ме, тар лашық, аласа,
Еденіміз - текемет пен алаша.
Аласа үйде - асқар таудай тамаша,
Аласұрып, қуанушы ек балаша,
Сонда біреу екеумізге қараса,
Тамыз еді...
Жылға, тоғай.
Оңаша.
Шіркін сол шақ!
Тамаша еді, тамаша!
Онда - тамыз, мұнда, міне, қараша...


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 5 429
Рейтинг:
(голосов: 6)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .