Әмірхан Балқыбек (Қос Аққу)

Нұр шашылған аспанның аясында,
Мынадай сұлулыққа тоясың ба?
Көзiң түссе өзiңдi ұмыттырар,
Махаббат та, мәрттiк те, бәрi осында.
Көне өлеңiң секiлдi жаңа өлеңiң,
Табиғат-ай, не деген шебер едiң?
Осынау ақ айдынның қос еркесiн,
Ләйлi мен Мәжнүн десе сенер едiм.
Маңай бiткен қалғандай сыр тыңдасып,
Тұрмын ба киелi елдiң жұртын басып:
Ойы жоқтар ойнай ма осылайша,
Сүймесе су шаша ма сылқым ғашық?!
Келiп ем көл шетiне қайғымменен,
Айырылдым қайғы-мұңнан қай күнгi мен.
Қос аққу қанатымен мөрленетiн
Отаны махаббаттың айдын, бiлем.
Мынадай сұлулыққа тоясың ба?
Көзiң түссе өзiңдi ұмыттырар,
Махаббат та, мәрттiк те, бәрi осында.
Көне өлеңiң секiлдi жаңа өлеңiң,
Табиғат-ай, не деген шебер едiң?
Осынау ақ айдынның қос еркесiн,
Ләйлi мен Мәжнүн десе сенер едiм.
Маңай бiткен қалғандай сыр тыңдасып,
Тұрмын ба киелi елдiң жұртын басып:
Ойы жоқтар ойнай ма осылайша,
Сүймесе су шаша ма сылқым ғашық?!
Келiп ем көл шетiне қайғымменен,
Айырылдым қайғы-мұңнан қай күнгi мен.
Қос аққу қанатымен мөрленетiн
Отаны махаббаттың айдын, бiлем.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Ұқсас мақалалар:
» Әмірхан Балқыбек (Шын ғашықтарда болмайды екен ес мүлде)
» Әмірхан Балқыбек (Сағди ғазалы)
» Әмірхан Балқыбек (Шамырқану)
» Әмірхан Балқыбек (Ағаш айтты)
» Әмірхан Балқыбек (Арман қуу шынымен күйiк кей күн)
» Әмірхан Балқыбек (Сырлы Өзенмен қоштасу)
» Әмірхан Балқыбек (Күзгi жапырақ қалтырайды Күнге ұқсап)
Іздеп көріңіз:
Жаңалықтар:
» 2021 жылы пітір садақа мөлшері 420 теңге болып белгіленді (фото) 04.04.2021, 0
» Алматыда жоқ көлік үшін алдын-ала төлем алған жігіт ұсталды 02.04.2021, 0
» "Дәл мені ұстағысы келді ме": Мейрамханада ұсталған Қайрат Нұртас оқиғаға пікір білдірді 26.03.2021, 2
Ілмектер: әмірхан балқыбек Қос Аққу өлең олен өлеңдері амирхан балкыбек все стихи на казахском, әмірхан балқыбек өлеңдері, әмірхан балқыбек шығармалары, амирхан балкыбек все стихи на казахском