Әмірхан Балқыбек (Сырлы Өзенмен қоштасу)

 Әмірхан Балқыбек (Сырлы Өзенмен қоштасу)

Көгiн де, даласын да,
Көзiме көшiрер ме ем.
Осы өзен жағасында,
Ата-анам өсiп-өнген.

Жыр жазар қауырсын ем,
Қалайша ауырласын.
Маған осы осы маңға,
Жөн едi-ау бауыр басу.

Мүсiнi бала қайың,
Бұрымы бұрау бұрым.
Сүйсем-ау қарапайым,
Ауылдың бiр аруын.

Қол созбай ерден гүлге,
Табар ма бақ қазақты?!
Сол ару талай түнге,
Тарттырса-ау тәттi азапты.

Қымыз бен қырмызының,
Иiсi араласқан.
Жатсам-ау қыр қызының,
Бал төсiн таба алмастан.

Бар ма амал, бiрақ олай,
Болмайды, сезедi iшiм.
Жолшымын соққан жолай,
Мынау бiр кезең үшiн.
Солқылын шер кеуденiң,
Басуға жетер ме әлiм.
Сағым боп келген едiм,
Сағым боп кетем тағы.

Шығамын ертең жолға,
Сырлы өзен түсiнесiң.
Қаздарың салып хорға,
Жылқылар кiсiнесiн...

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Ұқсас мақалалар:
» Әмірхан Балқыбек (Күзгi жапырақ қалтырайды Күнге ұқсап)
» Әмірхан Балқыбек (Сағди ғазалы)
» Әмірхан Балқыбек (Шын ғашықтарда болмайды екен ес мүлде)
» Әмірхан Балқыбек (Баба-ырым)
» Әмірхан Балқыбек (Қос Аққу)
» Әмірхан Балқыбек (Хат)
» Әмірхан Балқыбек (Арман қуу шынымен күйiк кей күн)

Іздеп көріңіз:

Жаңалықтар:
» Игрок 1xBet выиграл более 2 миллионов долларов на экспрессе из 44 событий 15.04.2021, 0
» 2021 жылы пітір садақа мөлшері 420 теңге болып белгіленді (фото) 04.04.2021, 0
» Алматыда жоқ көлік үшін алдын-ала төлем алған жігіт ұсталды 02.04.2021, 0

Келесі мақала жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы