Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Сен және мен...) » ZHARAR © 2017 | ақберен елгезек Сен және мен... өлең акберен елгезек стих олен , ақберен елгезек өлеңдері , ақберен елгезек сайты , акберен елгезек сайты олен стих,акберен елгезек стихи на казахском




  • »

Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Сен және мен...)

Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Сен және мен...) казакша Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Сен және мен...) на казахском языке

Сен және мен...
Арамызда сезім нұры көлденең,
Еріндерді табыстырар шөлдеген...
Сұлу сағым ұшып шығар ғарышқа,
Біздер жатқан бөлмеден...

Сен және мен...
Жүректерде тілектер...
Демімізде самал жел бар, жібектей...
Сағым болып еріп кетер сұлбамыз,
Таң алдынғы түнектей...

Сен және мен...
Ортамызда жұмақ бар...
Жұмбақ гүлден өріледі шумақтар...
Сол сағымнан шашырай ма шуақ бар,
Жағыла ма шырақтар?!

Сен және мен...
Өксік ұқсас дыбыстар,
Құмарлықтан жиілеген тыныстар...
Ажыратар құдырет жоқ бұл кезде,
Құшақтарды құрысқан..

Сен және мен...
Ләззатты бір шаршаулар,
Тағы, тағы...тағы да сол...аңсаулар...
Маңдайымнан сорғалайды тәтті тер,
Таңдайыңнан бал саулар...

Сен және мен...
Ажырауды қаламаған пенделер,
Тостағанмен у жұтайын емге мен!
Сағыныштың түрмесіне тығайын,
Махаббатты өлмеген...

Сен және мен...
Арадағы ауада,
Қоштасарда сүйіседі жанарлар.
Жалт қарашы,
Қолым жетпес періштем,
Пейіш жаққа қанатыңды қағарда!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 347
Рейтинг:
(голосов: 1)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .