Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Кешкі ода)

Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Кешкі ода) казакша Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Кешкі ода) на казахском языке

Сенің ернің – пейіштегі гүл сынды,
Демің сенің – сездіреді тылсымды…
Көзің сенің – Ай жұтылған түн сынды,
Сезім неге мөлдіреген мұң сынды?..

Қара шашың – Қара теңіз толқыны,
Қарашығың – мен адасар жол түбі…
Жүрегіңе сезіле ме, тыңдашы,
Сені аңсаған жүрегімнің солқылы?!

Саусақтарың – жапырағы қайыңның,
Қауырсынның сәулелермен ойыны…
Жанарыңда жасырулы мың жұмбақ,
Көзқараста періштенің пайымы…

Қасың сенің – иілген адырнадай,
Сабырың ше? Құламас қабырғадай!
Кірпіктерің өрнек салар құбылған,
Әр өрнекте тығылған Тәңір бардай!

Қыр мұрының – таулардың сілеміндей,
Нұр-ғұмырың – баулардың тілегіндей.
Қарашы әне, майысқан аппақ гүлді,
Дәл өзіңнің нәп-нәзік білегіндей!

Бар өмірің мен үшін – жарық шашқан,
Төбемдегі жайқалған алып Аспан!
Бітсе менің өмірім жер бетінде,
Құстай болып көрінер жаным ұшқан.

Ұшса егер құс-жаным сағым құшқан,
Ұшса ұшар, бесауат сабылыстан.
Кетсем егер, кетермін бұл жалғаннан,
Саған деген өртенген сағыныштан!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, акберен елгезек Кешкі ода стих олен ақберен елгезек өлең, ақберен елгезек өлеңдері, ақберен елгезек сайты, акберен елгезек сайты олен стих, акберен елгезек стихи на казахском, акберен елгезек Кешкі ода стих олен ақберен елгезек өлең, ақберен елгезек өлеңдері, ақберен елгезек сайты, акберен елгезек сайты олен стих, акберен елгезек стихи на казахском, Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Кешкі ода), Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Кешкі ода) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке

  • Анализ сайта www.zharar.com