Жұмағали Саин (Серго)

 Жұмағали Саин (Серго)

Өмірлік жан жолдасы данышпанның
Айбатты бір тұлғасы алтын таңның.
Серго, сен бірге туған бауырымсың
Сақталған жүрегінде бар адамның.

Грузин, қазақ халқы, орыс, татар
Ардақтап сенің мәңгі атыңды атар.
Үйткені алып дене, тапқыш ойлы
Жүзінде ел сырының түйіні бар.

Сен елдің бітті тыныс... елді денең...
Гүл қоям қабырыңа жылда келем.
Ел ұлы өлмейтін жан халық сүйген
Сүйемін Серго атыңды, сүйе берем.

Жыл туып, жыл артынан өткен сайын,
Шат тұрмыс сәулеттеніп жеткен сайын.
Қасымда тірі жүрген секілдісің
Жарқырап ақыл, көркі ақ маңдайың.

Сен тірі, талай ғасыр сенің жасың
Халықпен бірге өмірде сақталасың,
Кім бұзар ісің менен өзін, соққан
Алтынды ескерткіштің мұнарасын.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?