» » » Өлең: Жыл нәзіріндегі жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Жыл нәзіріндегі жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Жыл нәзіріндегі жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті) казакша Өлең: Жыл нәзіріндегі жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті) на казахском языке
Ас беру парыз екен мұсылманға,
Дауыс айтып мұң шағып сояр малға.
Өлгенге иман, тіріге бақыт бер деп,
Сиынып қол жаятын мұсылманға.
Жылайын асқа сояр осы малға,
Өлгенге иман, тіріге бақ бер, Алла!
Ас беріп,құран оқып,тілеу тілеп,
Жаратқан! Бұдан басқа шаруа бар ма?!
Көлдетіп төктім көз жасымды,
Белгі етіп қойдым тасыңды.
Жазар ма, Алла, сауапқа,
Арнап бір берген асыңды.
Жыл өтті жүрмін қамығып,
Қайғының тонын жамылып.
Алладан кейінгі панам-ай!
Күндерім өтті сағынып.
Өкінем әкем кеткенше,
Жыл айналып жеткенше.
Топырақ басып бетіңді,
Сыртыңнан жусан өскен соң.
Сарғайып таңды атырдым,
Санап күнді батырдым.
Жыл болды әкем сағынып,
Қайғының уын сапырдым,
Жылай-жылай талықтым.
Зар болып әкем көруге,
Жыл болды, міне, зарықтым.
Келді, Әке, жылыңыз!
Жылаумен өтіп күніміз.
Тұғыры құлап бұл күні,
Бұзылып отыр санамыз.
Жан әкем, зар жылаумен өтті жылыңыз,
Сен болып сағынышы жүрегімнің.
Бәйтерегім, қорғаным құлаған соң,
Қайғымен өтіп жатыр әрбір күнім.
Қызарып күн батарсың,
Сарғайып таң атарсың.
Топырақ төсек , шым жастық,
Қайтіп, әкем жатарсың?
Келмеске кеткен бекіне,
Бара ма бейіш шетіне.
Есігін ашса бейіштің,
Салқын тисін бетіңе,
Самал болып өтіне.
Бауырдай ішім мұздады,
Жанымды қайғы кернеді.
Жабырқап тұрмын мұңайып,
Дерт шалған соң көңілді.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 61 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Ағаны жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Ағаны жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Баланы жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Баланы жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Қалиқан Оразғалиқызының шешесін жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Қалиқан Оразғалиқызының шешесін жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Ананы жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Ананы жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Қайын атасын жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Қайын атасын жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Ақ бүркей салған қаралы әйелдің күйеуін жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Ақ бүркей салған қаралы әйелдің күйеуін жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Биссиміллә деп бастайын (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Биссиміллә деп бастайын (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Күлшаттың әкесін жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Күлшаттың әкесін жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Алтынхан Төлеңхан қызының әкесін жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Алтынхан Төлеңхан қызының әкесін жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Шәріп Құскелді қызының Қабибаны жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Шәріп Құскелді қызының Қабибаны жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Зұқа қажыны бәйбішесі Доридың жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Зұқа қажыны бәйбішесі Доридың жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Әкені жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Әкені жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Биссимилләдан бастайын (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Биссимилләдан бастайын (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Биссимиллә деп бастайын (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Биссимиллә деп бастайын (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Азалы адамдарды жұбатуға айтылған көріс (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Азалы адамдарды жұбатуға айтылған көріс (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Сүйекті үйден шығарғанда айтылатын жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Сүйекті үйден шығарғанда айтылатын жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

KZ / Өлеңдер жинағы, қазақ ауыз әдебиеті Жыл нәзіріндегі жоқтау өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Жыл назириндеги жоктау казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Жыл нәзіріндегі жоқтау, қазақ ауыз әдебиеті Жыл нәзіріндегі жоқтау өлең казак ауыз адебиети казакша олен қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері олен Жыл назириндеги жоктау казак ауыз адебиети стихи казак ауыз адебиети олендери Жыл нәзіріндегі жоқтау, Өлең: Жыл нәзіріндегі жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке