Өлең: Ілияс Жансүгіров (Tалғамалар)

Бірді жесең, майды же!
Аузында тұрсын жылтылдап.
Бірді мінсең, жүйрік мін!
Астында тұрсын жылпылдап.
Бірді құшсаң, сұлу құш!
Жанында жатсын былқылдап.
Бір сөйлесең тауып айт!
Болсын мәз жұртың сылқылдап.
Бір ән салсаң, мұзды ән сал!
Елжіресін жан тыңдап.
Бәйге алмас шауып бар жылқы,
Жүйрігі озар қарқындап.
Бір асасаң, талғап жұт!
Қақалып қалма қырқылдап.
Жабылған соң жас күнің,
Жасқа ұмтылма қылқындап!
Бай болам деп ойлама!
Қойды сүйреп, жылқы ұрлап.
Абұйырлымын деп ойлама!
Әркімге тиіп, бұрқылдап.
Өсек аңдып, сез бағып,
Ел қыдырма қылтыңдап!
Жалаңаш адам бәрі бір,
Киімге күлме сылтыңдап!
Сырыңды айтпа сырдаңға,
Отырса нанба, жылтыңдап!
Жарлыға бол жағымды,
Байға тұрма қылпылдап!
Көршіге салма күш - қайрат,
Қожайынсып, шыңқылдап.
Ағайынмен араз боп,
Әркімге барма қыңқылдап!
Балаңды бер сабаққа,
Қойға айдама тымпыңдап!
Арттан өсек сөйлеме
Көрнеу көзге жылпыңдап!
Өнбес іске өкпе қып,
Келмей қойма, бұлтыңдап!
Қолданып кетпе қулықты,
Құзғындықпен қутыңдап!
Күлген қорлық емес пе?
Жығылып жүріп жыртыңдап.
Жылы жансып, адалсып,
Мал үшін тұрма құйтыңдап!
Талапты болсаң, шыққаның
Қырсықтың басын қырқып ап.
Естіген сөзді фәһімде,
Отырып кетпей құр тыңдап!
Оңбағаның ұқпасаң,
Шылықпенен шылқылдап.
Ел билесең адал бол,
Арамға тойма ыңқылдап!
Миға сақта талғауды,
Заман отыр тың - тыңдап.
Бізге де кезек жақындар
Байланған тордан бұлқынбақ.
Қалың үміт сәулесіз,
Қайғы басты лықылдап.
Мінген қайық бұлт етті,
Буыңды талғау қиқылдап.
Буыңды құртып, әлді алып,
Кәрілік те жетті сықырлап.
Тітіркентті рухты
Ажал тісі шықырлап.
Епшіл - емсек жылпыңдар,
Мазаны алды тықылдап.
Жаңа ойладым, жығуға,
Кім мені жүрген сиқырлап
Аузында тұрсын жылтылдап.
Бірді мінсең, жүйрік мін!
Астында тұрсын жылпылдап.
Бірді құшсаң, сұлу құш!
Жанында жатсын былқылдап.
Бір сөйлесең тауып айт!
Болсын мәз жұртың сылқылдап.
Бір ән салсаң, мұзды ән сал!
Елжіресін жан тыңдап.
Бәйге алмас шауып бар жылқы,
Жүйрігі озар қарқындап.
Бір асасаң, талғап жұт!
Қақалып қалма қырқылдап.
Жабылған соң жас күнің,
Жасқа ұмтылма қылқындап!
Бай болам деп ойлама!
Қойды сүйреп, жылқы ұрлап.
Абұйырлымын деп ойлама!
Әркімге тиіп, бұрқылдап.
Өсек аңдып, сез бағып,
Ел қыдырма қылтыңдап!
Жалаңаш адам бәрі бір,
Киімге күлме сылтыңдап!
Сырыңды айтпа сырдаңға,
Отырса нанба, жылтыңдап!
Жарлыға бол жағымды,
Байға тұрма қылпылдап!
Көршіге салма күш - қайрат,
Қожайынсып, шыңқылдап.
Ағайынмен араз боп,
Әркімге барма қыңқылдап!
Балаңды бер сабаққа,
Қойға айдама тымпыңдап!
Арттан өсек сөйлеме
Көрнеу көзге жылпыңдап!
Өнбес іске өкпе қып,
Келмей қойма, бұлтыңдап!
Қолданып кетпе қулықты,
Құзғындықпен қутыңдап!
Күлген қорлық емес пе?
Жығылып жүріп жыртыңдап.
Жылы жансып, адалсып,
Мал үшін тұрма құйтыңдап!
Талапты болсаң, шыққаның
Қырсықтың басын қырқып ап.
Естіген сөзді фәһімде,
Отырып кетпей құр тыңдап!
Оңбағаның ұқпасаң,
Шылықпенен шылқылдап.
Ел билесең адал бол,
Арамға тойма ыңқылдап!
Миға сақта талғауды,
Заман отыр тың - тыңдап.
Бізге де кезек жақындар
Байланған тордан бұлқынбақ.
Қалың үміт сәулесіз,
Қайғы басты лықылдап.
Мінген қайық бұлт етті,
Буыңды талғау қиқылдап.
Буыңды құртып, әлді алып,
Кәрілік те жетті сықырлап.
Тітіркентті рухты
Ажал тісі шықырлап.
Епшіл - емсек жылпыңдар,
Мазаны алды тықылдап.
Жаңа ойладым, жығуға,
Кім мені жүрген сиқырлап
Автор: nurgul95 | 234 |
Загрузка...
Рекомендуем:

Өлеңдер жинағы
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Ғазизаның аузынан)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Қазақ қазынасы)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Ақын мен Мақым)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Әзәзіл)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Емен мен қамыс)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Абай Құнанбаев (Көжекбайға)

Qazaqstan жаңалықтары
Үйленбей жатып ажырасты ма? Тұрсын Баян Есентаеваға үйленбейтін болыпты деседі (фото, видео)

Мақал - мәтелдер жинағы
Қазақша мақал - мәтел: Сүйіспеншілік, ғашықтық, махаббат, сүйіспендік

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Алмас Темірбай (Жасанды әйел)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Боранда)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Бұлт)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Желді қарағай)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Оқимын)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Пайда ойлама, ар ойла)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Жаз)

Мақал - мәтелдер жинағы
Мақал - мәтел: Жылқы, ат