👈 қаріп өлшемі 👉

Ілияс Жансүгіров (Ертістен хат)

 Ілияс Жансүгіров (Ертістен хат)

Журналыңның бетіне,
Жұртым, жаздым сәлем хат.
Жүзгенім Ертіс өзені,
Мінгенім «Алтай» - пароход.
Төбем - аспан торғыннан,
Маужыраған кең майдан.
Астым ағыс толқыған,
Сылдыр - сылдыр су ойран.
Жатыр жосып нұр төгіп,
Ежелгі Ертіс енеміз.
Ағын жазып, су сөгіп,
Ертіс өрлеп келеміз.
Жар жағалап қиқулап,
Пристаньды көреміз.
Қалғандарға қол бұлғап,
Кетсек белгі береміз.
Бай, сұлу жер Өскемен,
Қатпар - қатпар қойнау тау.
Алтын, күміс, қорғасын,
Асыл қойма қойған тау.
Алтын ботқа кен Риддер
Еңбекшілер сойған тау.
Дария дүлей, Ертіс өр,
Біздікі бір қой малтау.
Ақырын аяң қу қалқу,
«Алтай» атан еріне.
Иір - иір шыған су,
Ертіс жатыр төгіле.
Күндіз бұлтсыз күн ашық,
Маңай нұрға көміле.
Кеш бұлтсыз, ай жарық,
Бетке салқын леп үре.
Малақайлы матрос,
Кочегар, жүкші өзіміз.
Орысыңның аузында
Өзіміздің сөзіміз.
Тарбағатай, Ертісті
Өрлей, құлдай көріңіз.
Жиырма бесті шырқайды
Кәдімгі көк көзіңіз.
Қыстай кітап кемірген,
Шәпкілі, шашты інішек
Аттаныпсың ауылға,
Бұған болады сүйсінсек.
Бригада комсомол
Қаптаңдаршы халыққа.
Электрдей шырақ бол,
Шығарыңдар жарыққа.
Мен де жүрмін жүк сүйреп,
Ертіс - «Алтай» пароход.

*∙*∙*
Бәйшешекпен безенген
Биік - биік белдер - ау!
Қырдың гүлі - қыр қызы
Дөң басына шықса кеш,
Маужырап бойың тұра алмай
Жатармысың сен тыныш?
Сол белеңді құлпыртып
Құрметіне қонақтың
Сақ - сақ неге күлмейсің,
Тұрармысың тым - тырыс?
Қызыл шапақ, сен дағы
Шаш нұрыңды, сәуле төк!
Әңгүрттенбе, қой тентек,
Ақырынырақ, жел тыныш!

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» 2023 жылдан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады? 03.12.2022
» Алаяқтар IPO бойынша жалған мобильді қосымшаларды іске қосты 29.11.2022
» Айлакер-алаяқтар интернетте делдалдарды қалай және қандай мақсатпен іздейді 26.11.2022

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы