Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Үміттің үр көйлегін киіп келдім...) » ZHARAR © 2017 | мақпал мыса Үміттің үр көйлегін киіп келдім... өлең стихи на казахском макпал мыса казакша олен, мақпал мыса өлеңдері сайты, стихи на казахском языке макпал мыса, макпал мыса олендери, Үміттің үр көйлегін киіп келдім...




  • »

Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Үміттің үр көйлегін киіп келдім...)

Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Үміттің үр көйлегін киіп келдім...) казакша Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Үміттің үр көйлегін киіп келдім...) на казахском языке

Көңілім көктемдегі көлге ұқсаған,
Ел мынау ажыраған шер құсадан.
Іленің гүлтолқынын ілестіріп,
Өзіңе жеттім, бүгін Ертіс – Анам!

Бұйырса тіршіліктің татар дәмі,
Сөз берер ақын қызға қатарлары.
Өзіңе жеттім, бүгін, Ертіс Баян,
Мәшһүрдей бабамыздан бата алғалы.

Жерім бар Маралдының жайлауындай,
Жұртымның тарқамайтын тойларындай.
Қара Ертіс Сұлтанмахмұт арманы мен
Қаныштың толқын-толқын ойларындай.

Дүние тұрмас дәйім бетін беріп,
Елікпіз жүрген желдің өтінде өріп.
Күндердің толқынында толқып жатыр
Қара Ертіс қара шашым секілденіп.

Баянтау бауырында жыршы қайың,
Мен саған бүгін жетіп нұр сұрайын.
Тәу еткен топырағыңа бір қызыңмын,
Ақбеттау, биігіңе бір шығайын!

Келеді асылыңды жиып тергім,
Сарыарқа!
Саған жетсем биіктермін.
Мен бүгін ұлылардың мекеніне
Үміттің үр көйлегін киіп келдім!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 50
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .