» » » Өлең: Қадыр Мырза Али (Жай сөзді)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Жай сөзді)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Жай сөзді) казакша Өлең: Қадыр Мырза Али (Жай сөзді) на казахском языке
Жай сөзді,
Жайдақ сөзді тыңдапты кім?!
Жел сөзге шашылмасын мыңдап пұлың.
Дәулеттен,
Дүниеден гөрі маған
Данадан қалған көне қымбат мұңым.
Көңілде құса барын,
Нала барын
Сендерден жасырмаймын, балаларым.
Мұң болып жатыр менің жүрегімде
Теп-тегіс,
Жермен-жексен қалаларым.
Жоқтайды нулы көлін татырларым,
Шөліркеп жатыр Бетпақ,
Жатыр Нарын.
Қалайша мұңаймайсың
Әр жерде бір
Көмілмей қалса кеше батырларың?!
Айтамын өткен күнде ақым барын,
Белгілі бұл сөзімді мақұлдарың.
Қалайша мұңаймайсың
Қиянаттан,
Зорлықтан зарлап өтсе
Ақындарың?!
Басталды жаңа-жаңа соны ісіміз.
Соны істе пионерміз,
Болысыңыз!
Қарайды әлі сенбей
Әлдекімге
Бір беріп,
Бір қайырған қонысымыз.
Туысқан.
Татулықтың жөні бөлек.
Ерлерін қадірлей ме елім елеп?!
Біреулер біріктіре алмай жүрсе,
Біреулер сол қазақты бөліп әлек!
Қазақтың
Болғаны ма өкпе тегі?!
Шығысып бір-бірінен көп кетеді.
Жақсыға зар боп жүрсек —
Мұңаймай гөр!—
Біреулер сол жақсыны шеттетеді.
Ақылдың бас тартқам жоқ жетегінен.
Елімді әбден білем,
Жете білем,
Қалайша мұңаймайсың
Екі қазақ
Бір-бірін тартып жатса етегінен?!
Айналмай қожасына арам астың,
Заманның есебіне араластым.
Көңілі бүтін болмай ел-жұртыңның,
Бақыты бақыт болмас қара бастың!
Ұнайды,
Ұнайды елге ақын, сірә.
Сыртыңнан жүреді жұрт жақынсырап.
Тірліктен басы қатып,
Кейбіреулер
Келеді,
Хат жазады ақыл сұрап.
Біреулер ойлануға олақ, сірә,
Отыр деп есептей ме қонақсырап?!
Баламды түсіріңіз оқуға деп
Келеді ауылдастар көмек сұрап.
Біреулер барып тұрған нағыз сынап.
Оларға алдау-арбау — парыз, сірә.
Өмірде аласым жоқ,
Бересім жоқ,
Бірақ та келеді олар қарыз сұрап.
Өмірде дұрыс та бар,
Бұрыс та бар.
Біреулер оқып мұны қуыстанар.
Түнімен тойлап-тойлап,
Бас жазуға
Келетін шарап іздеп туыс та бар.
Аямай беріпті ғой мінді бізге.
Ол — сықақ,
Ол — әжуа тілімізге.
Сіз қалай қарайсыз?—деп,
Жәбір көрген
Келеді әділет пен шындық іздеп,
Бұл бір сыр тағдырласқа,
Майдандасқа.
Амал жоқ мұңаймасқа,
Ойланбасқа.
Апыр-ай, қандай қиын!
Келгендерге
Не берем
Астан басқа!?
Шайдан басқа?!

Автор: nurgul95 | 155 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Қадыр Мырза Али (Саулық берсін жасыңа)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Саулық берсін жасыңа)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Қармақтай боп қадалған желбезекке)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Қармақтай боп қадалған желбезекке)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Атқан кезде ал қызыл ғаламат таң)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Атқан кезде ал қызыл ғаламат таң)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Көп балалы үй)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Көп балалы үй)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Қызыл күндер)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Қызыл күндер)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Елу)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Елу)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Ауылдағы алғашқы күн)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Ауылдағы алғашқы күн)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Қалай тұрар бұл көзден мұң көрінбей)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Қалай тұрар бұл көзден мұң көрінбей)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Өмір қиын)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Өмір қиын)
Өлең: Қалижан Бекқожин (Емес мәңгі ұмытылар)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қалижан Бекқожин (Емес мәңгі ұмытылар)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Көне көрініс)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Көне көрініс)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Ауылдастар арасында)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Ауылдастар арасында)
Өлең: Күләш Ахметова (Қар жауып тұр қалада)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Қар жауып тұр қалада)
Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Ақиқат пен өтірік)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Ақиқат пен өтірік)
Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Табиғат - жаратылыс пернесі)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Табиғат - жаратылыс пернесі)
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Біреулер масаттанып табысына)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Біреулер масаттанып табысына)

KZ / Өлеңдер жинағы, қадыр мырза али Жай сөзді өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Жай сөзді, қадыр мырза али Жай сөзді өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша қадыр мырза али өлеңдері кадыр мырза али олендери кадыр мырза али стихи на казахском Жай сөзді, Өлең: Қадыр Мырза Али (Жай сөзді) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке