» » » Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Шал мен жұмыскер)

Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Шал мен жұмыскер)

Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Шал мен жұмыскер) казакша Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Шал мен жұмыскер) на казахском языке
Шал қайтты малайымен пішен шауып,
Бәлені сезе ме адам тұрған бағып.
Орманмен кешкітұрым келе жатты,
Баратын елге тура бір жол тауып.
Тап берді қарсы алдынан аю шығып,
Болмады айла етерге о ғып, бұғып.
Үстіне Шалдың аю қонып қалды,
Сорлыны ә дегенше жерге жығып.
Жұмарлап, басып-жаншып аю шалды,
Жемекке енді бастап ыңғайланды.
«Бауырым, Пәленшежан, айыршы-ай», - деп,
Малайға Шал жалынып, қолқа салды.
Малайы темір айыр, балтаны алып,
Аюды жықты, басын, ішін жарып.
Қан-қан боп үсті-басы, өлейін деп,
Қорқырап аю жатты ыңыранып.
Шал тұрып енді орнынан есен-аман,
Жақындап жұмыскерге келді таман:
«Әумесер, ақылың жоқ, ит-доңыз!» - деп,
Байғұсты балағаттап, сөкті жаман.
«Ұрсасың неге, Шалым, маған, - деді, -
Сөккендей не істедім саған? - деді. -
Жазғаным, менің сені аю - жаудан
Айырып алғаным ба аман?!» - деді.
Шал айтты: «Көрмеймісің не еткеніңді,
Желігіп жындануға жеткенінді,
Бардай-ақ әкең құны, сонша шаншып,
Терісін іске алғысыз еткеніңді?!»

* * *
Сөз жаздым үгіт үшін бозбалаға,
Осындай елде уақиға аз ғана ма?
Қайырың наданға еткен - шашқан мүлкің,
Болады рәсуа құр далаға.
Құдайым, жолдас қылма жамандарға,
Көзі тар, көңілі соқыр надандарға!
Жақсылық етсең де бір, етпесең де,
Жақпайсың кей ақымақ адамдарға

Автор: nurgul95 | 152 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Біржан сал Қожағұлұлы (Телқоңыр)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Біржан сал Қожағұлұлы (Телқоңыр)
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Өгіз бен бақа)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Өгіз бен бақа)
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Қасқыр мен мысық)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Қасқыр мен мысық)
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Шымшық пен көгершін)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Шымшық пен көгершін)
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Шал мен ажал)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Шал мен ажал)
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Маймыл мен көзілдірік)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Маймыл мен көзілдірік)
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Емен мен қамыс)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Емен мен қамыс)
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Ат пен есек)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Ат пен есек)
Әңгіме:  Ғабиден Қожахмет | Алтын теңге
Әңгімелер жинағы
Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Алтын теңге
Ертегі: Майлықараша
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Майлықараша
Ертегі: Жарлы Сүлеймен
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Жарлы Сүлеймен
Ертегі: Қарахан ертегісі
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Қарахан ертегісі
Ертегі: Айдаһар қатын
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Айдаһар қатын
Ертегі: Хан қызы
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Хан қызы
Ертегі: Қарахан
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Қарахан
Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Баланың айласы)
Әңгімелер жинағы
Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Баланың айласы)

KZ / Өлеңдер жинағы, ахмет байтұрсынұлы Шал мен жұмыскер өлең ахмет байтурсынов олен, ахмет байтұрсынұлы өлеңдері, ахмет байтурсынов стихи на казахском, ахмет байтурсынов олендери, Шал мен жұмыскер, ахмет байтұрсынұлы Шал мен жұмыскер өлең ахмет байтурсынов олен ахмет байтұрсынұлы өлеңдері ахмет байтурсынов стихи на казахском ахмет байтурсынов олендери Шал мен жұмыскер, Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Шал мен жұмыскер) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке