» » » Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жалғыз көкек)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жалғыз көкек)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жалғыз көкек) казакша Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жалғыз көкек) на казахском языке
Жетімсіреп, жем іздеп балапанға,
Жалғыз көкек жүретін жаға талда.
Әлдекімді жоқтайтын күн батарда,
Әлдекімді жоқтайтын таң атарда.
Иесіз қалған, бұзылған тамға барып,
Қонушы еді, қонағын қамдап алып.
Жоқтаушы еді оңаша отырып ап,
Оқшау шетте ұясы, талда қалып.
Сұңқыл үнді сұрша құс, жан - Отанын
Ойландырып тастайтын жаға талын.
Оңашада отырып жоқтаймын деп,
Оятатын ұядан балапанын.
Сұқ саусақтай балапан ес білер ме,
Сұрша құстың сұм даусы есті желде.
Ұясында құттай құс қобалжиды,
Таныс үнді шалғайдан естігенде.
Қайдан білсін, әкесі жем бергенін,
Жем бергенін... Қаршыға өңгергенін...
Қайдан білсін, шешесі шер бергенін?..
Түйір дәндей жүрегі тулап жатыр,
Ұядағы титімдей шерменденің.
Жетімсіреп жем іздеп балапанға,
Жалғыз көкек жүретін жаға талда.
Әлдекімді жоқтайтын күн батарда,
Әлдекімді жоқтайтын таң атарда

Автор: nurgul95 | 139 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Жалғыз көкек өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Жалғыз көкек, мұқағали мақатаев Жалғыз көкек өлең мукагали макатаев олен мұқағали мақатаев өлеңдері мукагали макатаев стихи на казахском мукагали макатаев стихи на казахском языке Жалғыз көкек, Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жалғыз көкек) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке