Әбиірбек Тінәлі, Мұқағали Мақатаев (Фариза, Фаризажан, Фариза қыз...)

 Әбиірбек Тінәлі, Мұқағали Мақатаев (Фариза, Фаризажан, Фариза қыз...)

Фариза!
Фаризажан, Фариза-қыз,

Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.
Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз,
Бірімізден біріміз арылармыз.
Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,
Шаң басқан архивтерден табылармыз.

Сен мені білесің бе, білесің бе?
Жаралмаған жан екем күресуге.
Жылай жүріп, өтірік күлесің де,
Жүресің де қоясың, жүресің де.
Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып,
Тастағысы келеді күресіңе.
Фаризажан, сен соны білесің бе?

Жанарымды тұманмен тұмшаладым,
...Серіппесі үзіліп тұр садағым.
Жігітінен қазақтың дос таба алмай,
Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын.
Ауырлар деп ойлап па ем мұнша халім...

Ақын болып несіне жаратылдым,
Арасында қап қоймай қара түннің.
Қасиетін сезем деп Ана тілдің,
Қауырсыны қалмады қанатымның.
Қу тірлікке құл болып аяқ басып,
Құлашымды жая алмай баратырмын

Момын едім, жақсы едім, ұяң едім,
Аттап өттім олардың қия белін.
Енді, міне, қауқарсыз құр ашуды,
Жия бергім келеді, жия бергім.
Маңдайымнан сипаған бір жан болса,
Енді қалған өмірімді қияр едім.

Білмеймін, бұзықпын ба, жындымын ба?!
Кеп тұрады телігім мұңды-мұңға.
Енді қалған өмірдің құрдымында,
Өлтірсе де көмбеймін жырды құмға!
Нөл болады деп айтам, жалтармаймын,
Көбейтсең де қаншама мыңды-мыңға.

Айналаға қарайық анық барлап,
(Түн кеткесін, күн шығып, жарық болмақ),
Не туралы жырласақ, Фариза-қыз,
Бағыштайық бәрін де халыққа арнап.

Фариза, Фаризажан, Фариза-қыз,
Бірімізден біріміз арылармыз.
Том-том болып дүкенде тұрмасақ та,
Подвалдағы архивтен табылармыз...

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу
Пікірлер 2
  1. hilola
    hilola 18.02.2021 13:21
    1 + 1 -
    Цитата: кайсар сайранович
    Мұғалім мен ұстазда бар айырма, Ұстаз деген - жақсы әндегі қайырма. Мұғалім, ол - бар болғаны ма мамандық, Жеткенінше жеті өнерлі шайырға. Ұстаз деген - ұлағаттың шайыры, Қадірінің тиетұғын қайыры. Ұстаз деген - шуағы мол шапағат, Шаршамайтын, шалдықпайтын, тәйірі. Ұстаз деген - ұстаз болып туғандар, Ұлылықты ұлықтаған имандар. Ұрпағының ертеңіне жол ашып, Өмірінің әр шақтарын қиғандар. Қимағандар — ұстаз емес, мұғалім, Мұғалім боп, ұстаз болмау күнә, мың. Қара тақта, ақ бор ғана қолданып, Ұстатты ұстаз дүниенің құлағын..... Жақсы ұстаздың шын мәңгілік пайдасы, Өзіне обал арзан дәріс, айласы. Ұстаз болу бақыт, әрі абырой Ұстаз деген – шәкірттердің айнасы. Авторы кім
  2. Жанель Сагындык
    0 + 0 -
    енді,керемет