» » » Қазақша өлең: Еске алу

Қазақша өлең: Еске алу

Қазақша өлең: Еске алу казакша Қазақша өлең: Еске алу на казахском языке
Автор: Айгуль Нургалиева

Өмірдің жиылғандай бар керегі.
Силастың елдің жақсы ардағымен,
Араласып бетке ұстар саңлағымен.
Жеті бала өсіріп, қырық бес жыл,
Қол ұстасып келіпсіз жан-жарыңмен.
Барында, жоғында да дәулетіңнің,
Көңілін қалдырмадың әлдекімнің.
Тізгінін кісілікпен ұстап жүрсіз,
Әулие Ешенғазы әулетінің.
Айналған қосағыңнан туысыңа
Апайым аман болсын-тыныш ұя.
Өмірдің бар қызығы алдан шығып,
Шайқалмас ырыс қонсын уысыңа!!!

Көре алмай тіршіліктің көп қызығын,Тата алмай шаттық өмір тәттілігін.
Жарқырап келе жатқан жұлдызым ең,
Әттең-ай! Ерте сөнді-ау от-ғұмырың.
Қыраным ең шырқар биік аспанға,
Айналардай ұлым едің мақтанға.
Пенделіктің ашпай жатып пердесін.

Періште боп ұшып кеттің аспанға.
Шаңырақтың еркесі едің, серкесі едің,
Өнердің еншілеп ең ерте шебін.
"Апайлап" өткен асыл құлыным-ай,
Жамбасыңа батпасын жер төсегің!

Анама

Анажан шаңыраққа болдың пана.
Жамандық қылмаушы едің ешбір жанға.
Амал не, жоқсыз бүгін ортамызда.
Сағындық,ана, сізді баршамыз да.
Жан-ана, ұл-қызыңның тірегі едің.
Тірі болсаң жарқылдап жүрер едің.
Болмасаң да бүгін біздің жанымызда.
Айтқан сөзің, тәтті күлкің жадымызда.

Жұбанышпен жанымыз жабырқаулы.
Сағынышпен туғандары еске алады.
Өзіңізбен өткен күндер.
Жадымызда мәңгіге сақталады.

Қазақша өлең: Еске алуСезім шіркін көңілдерді кернеген,
Қимастықтың күйін шертіп тербеген.
Күтпеп едік, көріп жүрміз бүгінде
Қиындықты біздер бұрын көрмеген.

Сағыныштан жүрек тулап алқынды,
Жылағаннан көз жасымыз сарқылды.
Жол апаты болған сүрең қаңтарда
Мәңгілікке жоғалттық үш алтынды.

Бақыт дейді, бақыт бар ма жалғанда
Көнеміз ғой тағдыр басқа салғанға.
Өзімізді санаушы едік бақытты,
Үшеуі де ортамызда болғанда.
Алла алды, өзі берген жандарын
Тілейміз біз жұмақтан орын болғанын
Туыс, бауыр, достарынан сұраймыз
Дұға оқып, естеріне алғанын!
Асқаровтар отбасы бір жыл бұрын жол апатынан қайтыс болған әкесі Сапарбек Байтайұлын, анасы Сәуле Құрмашқызын және Әсем Сапарбекқызын сағынышпен еске алады.

Өмірдің жолы күрделі, әрі бұралаң,
Жаратушымыз оны ақ-қарадан құраған.
Қарасына пенде қамығып, кейде қан жылап,
Тағдыр талқысына еріксіз көніп шыдаған.
Сондаймыз біз де, ерте кеттің, құлыным,
Ішімізге толды запыран, зарлы қайғы-мұң.
Азамат болар зерделі, таралар аты көпке деп,
Үміт күтіп, армандағанның бірімін.
Кенеттен кеттің, сартап болып санамыз,
Ойласақ іштей қайғыдан күйіп-жанамыз.
Өткенді ойлап, келешектен үміт қып,
Аңсауменен өзіңді ағартты шашын анаңыз.
20 жыл өтті, бейнеңді қарғам, сағындық,
Алладан сұрап қайырын, жақсылығына жалындық.
Алдың бейіш, артың нұр, шапағатың тисін деп,
Дұға қылып өзіңе, тағдырға біз де бағындық.
Сағынышпен еске алушы жеңгең.
Жаманбаев Дәуір Еркінтайұлын сағынышпен еске алу
Автор: Айгуль Нургалиева

Раушан апайымды сағынып еске аламыз

Еске аламыз ардақты да апамызды
үлкеніміз ақыл айтар панамызды,
егілеміз жылаймыз еске алып
кең пейілді ақ көңіл Раушанымды.

Жылаймыз да көнеміз ғой тағдырға
бала шағаң туыстарың бар мұнда,
ешқашанда ұмытпаймыз біз сені
дұға жасап барып тұрамыз басыңа.

Арай менен Айгерімдей қыздарың
Айдос Жандос алтын сенің ұлдарың,
Жандосыңның қызығында көрмедің
көп болды ғой армандаған арманың.

Немерең бар Апа деген өзіңді
сағынады айтқан сенің сөзіңді,
апаларын іздейді олар сағынып
мейірімді жарқын сенің жүзінді.

Жездем жүрғой сені ойлап жылайды
Раушаным деп сағынады ойлайды,
орта жаста опырылдау омыртқаң
жыласаң да орны енді толмайды.

Аға бауыр сіңілдерің өзіңнің
қарашығы біздер сенің көзіңнің,
апатайым ақыл айттың сен бізге
астары бар сенің айтқан сөзіңнің.

Тірі болса туған күні болушеді
елу алты жасқа бүгін толушеді,
сұм ажал кеп акетпесе апайымды
ортамызда күліп ойнап жүрушеді.

Тура деген сөздерің бар ұмытылмас
сол сөздерің мына біздің естен шықпас,
сол сөзіңді бір естуге зар болдық қой
апатайым туысың бар сені қимас.

Жақсы адам ол жаққа да керек екен
жұмақ төрін апатайым мекендеген,
Раушантайым кетеді деп кім ойлады
Алла берген ғұмыр жасы өлшеулі екен.

Топырағың торқа болсын жан апам
орын берсін Аллам саған жұмақтан,
қорғап қолдап аруағыңмен ұрпағыңды
сақтай көрші Аллам өзің жаратқан!!!

Бауырың Ерік Еренғазыұлы.

Отбасың туыстарың
Сағынып еске аламыз.

Автор: ZHARAR | 239 609 | 11.06.2014


Загрузка...

KZ / Қазақша Өлеңдер жинағы, еске алу өлең жолдары, еске алу тілектер, еске алу создер, еске алу сөздері, әкені еске алу сөздері, ананы еске алу сөздері, досты еске алу сөздері, еске алу тілектері, воспоминания об отца на казахском языке, воспоминания на казахском языке, еске алу создер еске алу тілектер еске алу сөздері әкені еске алу сөздері ананы еске алу сөздері досты еске алу сөздері еске алу тілектері воспоминания об отца на казахском языке воспоминания на казахском языке, Қазақша өлең: Еске алу қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке