1967 менің жылым!

 1967 менің жылым!

Өткен ғасыр кімге қысқа, кімге ұзын
Бұл өмірге келді талай ұл мен қызың
Сол жылдардың ішінде бір жыл ғана
Мың тоғыз жүз алпыс жеті менің жылым!

Ауыстырып жүректерді өсті ғылым
Бар әлемге Шолпан жұлдыз ашты сырын
Сол бір жылы біз туыппыз дегендей-ақ
Мың тоғыз жүз алпыс жеті менің жылым!

Аманбысың қатар өскен жолдастарым?
Өздеріңсіз көңіл -күйім таппас тыным
Сағынышпен бас қосқанда дейік бірге
Мың тоғыз жүз алпыс жеті менің жылым!

Кәсіпкер бар,мұғалім бар, бірі ғалым
Әнші де бар,ақын да бар айтқан жырын
Сұрап көрсең барлығының айтатыны
Мың тоғыз жүз алпыс жеті менің жылым!

Тентектерде жеткілікті шын ғой мұным
Әпер бақан - ұр да жық, түрткен жынын
Бірақ бәрі бауыр ғой, деген кезде-
Мың тоғыз жүз алпыс жеті менің жылым!

Амандықта болу жазсын құрдастарым
Жақсы сөздер әр-қашанда жақсы ырым
Бәрімізге ортақ болған мына сөздер -
Мың тоғыз жүз алпыс жеті менің жылым!

Нурсат Мүбарак ұлы

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу