Бақдәулет Арыстан (Даусыңнан айналдым Димаш)

 Бақдәулет Арыстан (Даусыңнан айналдым Димаш)

Димаш досым құлақ ас тілегіме,
Əлемге де танылдың міне, міне.
Əндеріңді тыңдап ем, кішігірім
Өлең келді жұдырық жүрегіме.

Өнердің есігіне біліп кірсең,
Аралап бар əлемді жүріп білсең.
Қас болған қысық көзді қытайлардың
Тас болған жүректерін жібіттің сен.

Киелі сахнада өзің жүрдің,
Бақтың бір күн қонатын кезін білдің.
Əніңді тыңдап, сөзін ұқпасамда
Даусыңмен музыканы сезіндірдің...

Тек тілерім күтпесін алдан қайғы,
Білесің, ақылды адам алданбайды.
Кей қазақ өкпелетсе көңілге алма,
Өзіңде көріп жүрсің болған жайды.

Ал сен өз қазағыңды білесің ғой
Онша-мұнша өнерге таң қалмайды.
Қытайың былай тұрсын, бар жас əнші
Сендей жұлдыз болуды армандайды...

Ерекше əнші боп қалдың ел есінде,
Тоқтамай жүз өнердің кемесінде.
Джеки Чанмен кездесті дегеніңді
Естігенде, жыладым сенесің бе?

Тағдыр жазған сан түрлі жол бар еді,
Бата, тілек адамға қорған еді.
Көзімнен көрер болсаң шаттығымды
Құшақтап алар едің сонда мені...

Өзіңді жалғыз Құдай қолдап еді,
Біреулер Димаш деген солма деді.
Менің бұлай жазғаным сол Джеки Чан
Ең бірінші арманым болған еді.

Қытай қызын құлаттың дидарыңмен,
Ары қарай өнерді сүй жаныңмен
Арманыма сен жеттің қазақ бауыр
Соның үшін шынайы ризамын мен.

Аман бол əкең үшін, анаң үшін,
Баса бер, Джастиндерден қаламысың?!
Сенімен түскен жалғыз суретім бар,
Кім білген сол суреттің бағалысын.

Жүрегіңе өлең боп байланайын,
Атағың жете берсін айға дəйім.
Көңіліме ой салған неше түрлі,
Димаш бауырым Даусыңнан айналайын.

Сүйген құлын бір Құдай қолдап өтер,
Көптеу мақтап жіберсем олда бекер.
Жасай бер, айтпақшы бір өтінішім,
Джеки Чанға сəлем айт, солда жетер...

Димаш жан тілегіңнен айналайын,
Əн айтқан жүрегіңнен айналайын,
Талантыңнан айналдым, дауысыңнан
Тағдыр саған у емес бал ұсынған...

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі