Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап) » ZHARAR © 2016 | стихи абая кунанбаева на казахском языке , Қазақша өлең: Абай Құнанбаев , казакша олен абай кунанбаев, стихи абая кунанбаева на казахском языке, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать , абай құнанбаев өлеңдері скачать,абай құнанбаев өлеңдері ,




  • »

Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап)

Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап) казакша Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап) на казахском языке

Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап,
Жұрт жүр ғой күйкентай мен қарға сақтап.
Қыран шықса қияға, жібереді
Олар да екі құсын екі жақтап.
Қарқылдап қарға қалмас арт жағынан,
Күйкентайы үстінде шықылықтап.
Өзі алмайды, қыранға алдырмайды,
Күні бойы шабады бос салақтап.
Тиіп-шығып, ыза қып, ұстатпаса,
Қуанар иелері сонда ыржықтап.
Не таптық мұныменен деген жан жоқ,
Түні бойы күпілдер құсын мақтап.
Басқа сая, жанға олжа дәнеме жоқ,
Қайран ел осынымен жүр далақтап.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 12 295
Рейтинг:
(голосов: 19)

.

. .