Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Кәрі қыран)

Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Кәрі қыран) казакша Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Кәрі қыран) на казахском языке

Қанатынан қаңтардың қары бүркіп,
Қашатұғын көргенде бәрі де үркіп.
Қырағы көз бұл күнде қарауытып,
Қалғып отыр қыяда кәрі бүркіт.

Санағанмен өлімнен өмірді артық,
Соңғы кезде қарттықтың зәбірі артып,
Тұла бойы құрыстап,
Шабыт қашып,
Денесі де кетіпті ауыр тартып.

Тұсы бар ма тауыңның бұлт артпаған!
Тау бүркіті ол,
Далаға бұл тартпаған.
Қайран күндер:
Қиада құйылғанда
Қырдың қызыл түлкісін бұлтартпаған!

Түлкі түгіл,
Түсетін қасқырыңа,
Қасқырыңа-
Албасты басқырыңа.
Өткір еді- ау, алмас шеңгелі оның
Қайрап- қайрап алғандай тас қырына!

Бауырында таулардың пұшпағы аунап,
О, жастық- ай!
Ауылдан ұшқан аулақ!
Құрыш тырнақ қоладай қайырылып,
Қалғаны ма енді оның тышқан аулап?!

Сеңгір-сеңгір бұлттарды жарып өтіп,
Самғап ұшар жастықтың әрі кетіп
Қалғаны ма?!
Ендеше
Бұл тірлікті
Қырандарша өтейік тәрік етіп!

О дүние, білсемші өтеріңді!
Деген оймен шау бүркіт көтерілді.
Көтерілді,
Өртенген самолеттей
Қанатының астынан от өрілді.

Көк аспанын-
Бұлт емес-
Мұң қаптаған
Кезде
Қыран қыран ба үн қаптаған?!
Шаңқ етті де шау бүркіт
Заулап келіп
Қойып кетті көк тасқа күн қақтаған!

Күрсінді тау ақ қарлы-
Ақ кебінді.
Кәрі қыран осылай тапты өлімді.
Жасын түскен дөңгелек шарайнадай-
Пай- пай, шіркін! -
Көк тасың қақ бөлінді!

Қыран еді бұл неткен құдіретті!
Найзағайдай жарқылдап ғұмыр өтті.
Көрген кезде осыны
Шіміркеніп,
Жас бүркіттің жүрегі бір дір етті!

Сабақ алып шежіре көне күннен,
Бәрін көздің өткізіп елегінен,
Қыранша өмір сүргенің-
Қандай бақыт!
Қандай бақыт-
Қыранша өле білген!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, қадыр мырза әли Кәрі қыран өлең олен кадыр мырза али стихи на казахском, қадыр мырза әли өлеңдері әдеби әлем, кадыр мырза али стихи на казахском, қадыр мырза әлі өлеңдер жинағы, қадыр мырза әли өлеңдер жинағы, Кәрі қыран, қадыр мырзалиев кәрі қыран өлеңі, кари кыран кадыр мырза али текст, қадыр мырза әли Кәрі қыран өлең олен кадыр мырза али стихи на казахском, қадыр мырза әли өлеңдері әдеби әлем, кадыр мырза али стихи на казахском, қадыр мырза әлі өлеңдер жинағы, қадыр мырза әли өлеңдер жинағы, Кәрі қыран, қадыр мырзалиев кәрі қыран өлеңі, Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Кәрі қыран), Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Кәрі қыран) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке

  • Анализ сайта www.zharar.com