Қазақша өлең: Шалкиіз Тіленшіұлы (Жауынды күні көп жүрме)

Жауынды күні көп жүрме,
Жар жағасы тайғақ-ты.
Жаманға жақыным деп сөз айтпа,
Күндердің күні болғанда,
Сол жаман өз басыңа айғақ-ты!
Асау тулап жықпаса,
Артқы айылдың беркі игі.
Жағаға дұспан қолы тимеске,
Артыңда туысқанның көбі игі.
Күндердің күні болғанда,
Қырға шықпас жаманның
Барынан да жоғы игі!
Арқаның құба жонында
Арыстан ойнар шарқ ұрып,
Атайы ердің тұсында
Тұлпары тұрар тарп ұрып,
Сол жаман елден кетер деп,
Артынан жақсылар қалар шақырып.
Жар жағасы тайғақ-ты.
Жаманға жақыным деп сөз айтпа,
Күндердің күні болғанда,
Сол жаман өз басыңа айғақ-ты!
Асау тулап жықпаса,
Артқы айылдың беркі игі.
Жағаға дұспан қолы тимеске,
Артыңда туысқанның көбі игі.
Күндердің күні болғанда,
Қырға шықпас жаманның
Барынан да жоғы игі!
Арқаның құба жонында
Арыстан ойнар шарқ ұрып,
Атайы ердің тұсында
Тұлпары тұрар тарп ұрып,
Сол жаман елден кетер деп,
Артынан жақсылар қалар шақырып.
Автор: ZHARAR | 6 548 | 4.04.2016
Загрузка...
Читайте также

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шалкиіз Тіленшіұлы (Би Темірге айтқан бірінші толғауы)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шалкиіз Тіленшіұлы (Ағынды сулар, аймақ көл)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шалкиіз Тіленшіұлы (Жапырағы жасыл жаутерек)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шалкиіз Тіленшіұлы (Шағырмақ бұлт жай тастар)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шалкиіз Тіленшіұлы (Ор, ор қоян, ор қоян)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шалкиіз Тіленшіұлы (Жалп-жалп ұшқан жапалақ)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ыбырай Алтынсарин (Әй, достарым)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Арғымақтан туған қазанат)