Қазақша өлең: Сәбит Дөнентаев (Үміт) » ZHARAR © 2016 | сәбит дөнентаев Үміт өлең стихи на казахском сабит донентаев казакша олен, сәбит дөнентаев өлеңдері, стихи на казахском языке сабит донентаев, сабит донентаев олендери, Үміт, умит туралы олен, үміт туралы өлең




  • »

Қазақша өлең: Сәбит Дөнентаев (Үміт)

Қазақша өлең: Сәбит Дөнентаев (Үміт) казакша Қазақша өлең: Сәбит Дөнентаев (Үміт) на казахском языке

Жұмсаған, не қиынға салған үміт,
Тіл алған, қайда болса барған үміт.
Сөз байлап, қол алысып жөнелгенде,
Шығармақ едің сүйреп жардан үміт.
Артынан әуре қылып ертіп қанша,
Бұл күнде сол уағдадан танған үміт.
Жолдасы азық-түлік, қаруы жоқ,
Астында әр табанның қалған үміт.
Қарамай шамасына, таудай істі,
Өзінің міндетіне алған үміт.
Ақырда «Әлін білмес әлек» болып,
Арыған, қалжыраған, талған үміт.
Болды да жорғалармен жорғаласпақ,
Ере алмай тәлтіректеп шалған үміт.
Батыр да, бай да болмақ ойымда еді,
Олардың барлығы боп тұр жалған үміт.
Іздесең дертке дәрмен, адаспасаң,
Қалайша құр тастайды аллаң, үміт!
«Арбамен асықпаған қоян да алған»
Жабықпа, жолыңда бол, тарлан үміт!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 133
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .