Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Елден ерек сағынам) » ZHARAR © 2017 | медеу демеу медеуұлы Елден ерек сағынам өлең стихи на казахском медеу демеу медеуулы казакша олен, медеу демеу медеуұлы өлеңдері, стихи на казахском языке медеу демеу медеуулы, медеу демеу медеуулы олендери, Медеу Демеу Медеуұлы, Елден ерек сағынам




  • »

Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Елден ерек сағынам)

Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Елден ерек сағынам) казакша Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Елден ерек сағынам) на казахском языке

Сынағаның, жоқ әлде, бір амалың,
Хал жайымды неліктен сұрамадың?
Хабарласпай кетік-ау сен де, мен де,
Хабарласып тұрушы ек күнәра бір.

Жүрген соң ба махаббат сыйын көрмей,
Мен отырмын құлазып, күйім келмей.
Болғаны ма сыйластық сусымалы,
Жалт етіп жоғалатын құйын желдей.

Етпегелі қай заман әніңді үлгі,
Сондықтан ба, әйтеуір, жаным мұңды.
Жалт еткенде жаулайтын жанарыңмен,
Күн дидарың, күнім –ау,сағындырды.

Бақытыма өзіңді санаймын шын,
Деуші едім ғой қызғалдақ, арай гүлсің.
Жанымыз да, әніміз бір еді ғой,
Сағынбастан сен мені қалай жүрсің?

Жабырқаулы бүгінде жаным мына,
Білмедім бе, жоқ әлде, жаныңа ұға.
Жоқ болмаса, жарқыным, жомарт көңіл,
Менен бөлек бір жігіт табылды ма.

Табылды ма? Бір жігіт табылды ма,
Табылды ма, көркіңе табынды ма?
Сен не десең, о дегің, мен әйтеуір,
Елден ерек өзіңді сағындым ә?


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 29
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .