Ди Каприо "Оскардағы" жеңісіне қатысты не деді?

Ди Каприо "Оскардағы" жеңісіне қатысты не деді?

Голливуд актері Леонардо Ди Каприо «Оскар» киножүлдесінде "Үздік ерлердің рөлі" номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, табыстау рәсіміне жиналғандардың алдында сөз сөйледі деп хабарлайды nur.kz порталы "Лентаға" сілтеме жасап.

"Аман қалған" фильмінде үздік ерлер рөлін сомдаған актер сахнада киноакадемияға және әріптестеріне алғысын білдірді. Ол өз сөзінде әлемдегі климаттық ахуалға қатысты пікір білдірді. Актердің сөзін Reuters келтіреді.

«Біздің планетаны бізге тиісті дүние ретінде қабылдауды доғарайық. Мен бүгінгіні [марапаттауды] тиісті дүние деп қабылдамаймын. Климаттық өзгерістер шынайы және олар дәл қазір болып жатыр. Біз бірге жұмыс істеуіміз керек», — дейді Ди Каприо.

Айта кетерлігі, Ди Каприо экология мәселелсіне үлкен қызығушылық танытады. Ол 1998 жылы өзінің жеке экологиялық қорын құрған. Актер негізінен амур жолбарыстарының популяциясын сақтап қалуға тырысып жүр.

дереккөз, ФОТО: ADREES LATIF / REUTERS

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі