Қызылордаға құдалыққа барған шымкенттіктер көршілерінің салт-дәстүрін түсінбей қалды

Қызылордаға құдалыққа барған шымкенттіктер көршілерінің салт-дәстүрін түсінбей қалды казакша Қызылордаға құдалыққа барған шымкенттіктер көршілерінің салт-дәстүрін түсінбей қалды на казахском языке

ОҚО-ның Шолаққорған өңірінен Қызылордаға құдалық барған шымкенттік құдалар көршілерінің ұстанатын кейбір салт-дәстүріне таңырқап қайтқан деп хабарлайды Замана басылымы.

«Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» демекші, той-жиын өткізгенде, құдалық шақырғанда әр облыстың өзіне тән ерекшеліктері болады екен. Оған біз Қызыл­ордаға құдалыққа барғанда көзіміз жетті деп жазады мақала авторы.

"Әкемнің қарындасы Орынкүл әпкемнің үлкен ұлы Сәкен Қызылорданың нақ түбіндегі Тасбөгет ауылының Нұрсұлу деген қызына үйленді. Тойы өткеннен кейін әпкемдер құдаларын құдалыққа шақырды. Ізінше бізді олар құдалыққа шақырды", - деген авторы кештете Тасбөгетке жеткенін айтып, әңгімесін жалғастырды.

"Құдалардың ет жақын жақсылары мен жайсаңдары дастархандарын жайып күтіп отыр екен. Сәлемдесіп болған соң төрлеріне озып, жайғаса бергенімізде құдалардың бірі: «Құдалар, сыртқа шығып, өздеріңізге арнап сояр малға бата берсеңіздер», – деді. Салттары солай шығар деп бәріміз жапырлай көтеріліп, сыртқа шықтық. Сол кезде құдалардың бірі жас бұзауды алдымызға көлденең қойып, оған бәрі қолдарын жайып: «Кәне, құдалар, баталарыңызды беріңіздер», – дегені. Біз аң-таң болып тосылып тұрып қалдық. Орынкүл әпкем: «Ау, құдалар, бұларыңыз не?» – деп сұрады. «Біздің жақта құдалықта ірі қара соймаса, болмайды», – деп құдалардың бірі жөнін түсіндірді. Жездем Серікбай: «Біз құдай қосқан құдалармыз. Сынау үшін келгеніміз жоқ. Бас қойғыларыңыз келсе бұзау емес, қой табылатын шығар», – деп бұзауды сойғызбады", - деген автор ертесіне көрген қызықты жағдайлардын одан әрі баяндады.

"Құданың үйіне қайта оралғаннан кейін екі жақты алыс-беріс басталды. Алдымен олар біз апарған қоржындардың аузын аша бастады. Сосын «тон бау», «отқа май құяр», «құда табақ» деген сықылды жөн-жоралғыларын айтып жиырма шақты «алым-салық» салғаны. Оны естігенде әпкемнің көзі шарасынан шыға жаздап: «Біздің жақта мұндай кәделердің бәрін қосып бір-ақ беретін еді», – деп алдарына біраз ақша қойып еді, сөмкелердің аузын ашып отырған әйелдер риза болмай шу көтермесі бар ма? Қатты састық. Сосын әпкем: «Жетпеген жерін жеткізе салатын, қазір жақын жерде тұрғанымыз жоқ. Барымыз – осы, қанағат етіңіздер. Түбінде тонның ішкі ба­уындай жақын араласатын мың жылдық құдалармыз. Сіз бен біз тиын-тебенге талас­қанша екі жастың бақытын ойлайық», – деп басу айтты.

Алыс-беріс туралы әңгіме осымен біткендей еді. Бірақ шай үстінде тағы бір келіншек шу шығарды. Ол кешелі бері тапжылмай бізге шай құйып отырған. Сол келіншек алдына қайнап тұрған самаурын келгенде орнынан атып тұрып, бізге көзін аларта қарап: «Бұлар қандай көргенсіз құдалар, сонда мен тәулік бойы бұларға шай құйып, тегін қызмет еткенім бе?» – деп ашулансын. Сөйтсек, ол жақта шай құйып берген әйелге арнайы сый-сияпат жасалуы керек екен. «Біздің жақта екінің біріне құдаларға шай құйып беру мәртебесі тие бермейді, – деді бізбен бірге отырғандардың бірі. – Оған лайықты, шайды әдемілеп құйып, ұсына алатын келінді дайындаймыз. Оған соңында құдалар сый-сияпат жасайды. Жолы сондай дегесін амал жоқ, қалтамыздың түбін қағып, шай құйып отырған әйелге беріп, ризашылығын алдық", - деген автор қызық мұнымен де бітпегенін айтады.

"Құдалармен қоштасып, жолға шықсақ, көлігімізді арқан керген бірнеше адам тосып тұр. Сұрағанын беріп, одан өтсек, тағы да шығады. Не керек, осындай үш-төрт «кедергіден» өтіп, үлкен жолға шықтық қой ақыры", - деп сөзін түйіндеді мақала авторы.

КӨРНЕКІ ФОТО: BAQ.KZ




KZ » Қазақша Жаңалықтар жинағы, құйып, құдалар, деген, жақта, авторы, отырған, құдалық, құдалардың, Біздің, құдалыққа, жақын, әпкемнің, үлкен, жайып, мақала, аузын, әйелге, бізге, Орынкүл, беріс, Қызылорда, шымкент, шымкенттіктер, шымкенттік, көршілер, көрші, салт-дәстүр, құда, құдағи, құйып, құдалар, деген, жақта, авторы, отырған, құдалық, құдалардың, Біздің, құдалыққа, жақын, әпкемнің, үлкен, жайып, мақала, аузын, әйелге, бізге, Орынкүл, беріс, Қызылорда, шымкент, шымкенттіктер, шымкенттік, көршілер, көрші, салт-дәстүр, құда, құдағи, Қызылордаға құдалыққа барған шымкенттіктер көршілерінің салт-дәстүрін түсінбей қалды, Қызылордаға құдалыққа барған шымкенттіктер көршілерінің салт-дәстүрін түсінбей қалды