Продюсер "Тоқал" фильмін күйеуінің опасыздығы үшін өмірден өткен сіңлісіне арнаған

Продюсер

"Тоқал" фильмінің продюсері Гаухар Нұртас бұл туындысын опасыз күйеуінің кесірінен қайғырып өмірден өткен сіңлісіне арнаған деп хабарлайды "Рейтинг" басылымы.

Мақала авторы Абылай Сматуллаұлының пайымынша, фильм өте сәтті шыққан. Ол бұл көрініс шынайы қоғамдағы оқиғаларға негізделгенін айта келе, туындыны философиялық мәні бар дүние деп бағалайды.

Сонымен бірге, оның айтуынша, фильмнің продюсері Гаухар Нұртас бұл туындысын өзінің туысқан сіңлісіне арнап шығарған.

"Фильмдегі бар ауыр жүкті қара нардай көтерген - Гаухар Нұртас. Бас продюсері, басты рөлді сомдайды. Оның айтуынша, туысқан сіңлісі опасыз күйеуінің кесірінен қайғыдан өлген екен. Фильмді сол сіңлісіне арнап түсіріпті. Фильм аяқталғанда Сәуле Тұяқбаеваға арналады деген. Сіңлісі сол болу керек", - деп жазады ол.

"Жалпы, көпшілік «Тоқалды» ұятсыз фильм деп жерге ұрды. Ал, ұятсыз көріністер 2 сағаттық фильмде екі жерде 20 секунд көрініс тапқан. Кезінде депутаттарға дейін Ермек Тұрсынов түсірген «Келінді» әбден сынап еді ғой.

Сонда әйгілі режиссер Болат Атабаев күйіп кетіп: «сол көріністен басқа ештеңе көрмедіңдер ме? Бұл - эстетикалық талғамы жоғары фильм. Режиссерге басымды иемін» деп айтқаны әлі есте", - деп баға берді автор.




KZ » Қазақша Жаңалықтар жинағы, Нұртас, Гаухар, продюсері, сіңлісіне, фильм, кесірінен, күйеуінің, опасыз, туындысын, туысқан, арнап, ұятсыз, Тоқал, айтуынша, басылымы, көрініс, хабарлайды, Рейтинг, қайғырып, фильмінің, Тоқал фильм, Продюсер, күйеу, өмір, сіңлісі, Нұртас, Гаухар, продюсері, сіңлісіне, фильм, кесірінен, күйеуінің, опасыз, туындысын, туысқан, арнап, ұятсыз, Тоқал, айтуынша, басылымы, көрініс, хабарлайды, Рейтинг, қайғырып, фильмінің, Продюсер "Тоқал" фильмін күйеуінің опасыздығы үшін өмірден өткен сіңлісіне арнаған, Продюсер "Тоқал" фильмін күйеуінің опасыздығы үшін өмірден өткен сіңлісіне арнаған