Баян Мақсатқызы жаңа фильм түсіруді жоспарлауда

Баян Мақсатқызы жаңа фильм түсіруді жоспарлауда

Баян Мақсатқызы (бұрын Есентаева) жазда болған оқиғадан кейін біртіндеп қалпына келіп, жұмысқа кірісуде. Енді продюсер жаңа фильм түсіруді жоспарлауда.

Продюсер жаңа фильм түсіруді жоспарлауда.

Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

«Менің келесі фильмімнің идеясы өте қызықты болғалы тұр...», - деп жазды ол.

Көптеген жанкүйерлер бұл жаңалықты қуана қабылдап, жаңа туындыны асыға күтетіндерін жеткізді.

Айта кетейік, 10 маусым күні Баян Есентаева аудандық ауруханаға жеткізіліп, оған үш сағаттық операция жасалды. Ол кезде науқастың жағдайы өте ауыр болатын. Ал, Баянды ауыр соққыға жыққан күйеуі Бақытбек Есентаев Талғар аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бақытбек Есентаевтың ісі бойынша кезекті сот отырысы 18 қазан күні Талдықорған қаласында өтеді. Процесс жабық режимде өтуде.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Қарап көріңіз:


Жаңалықтар:
» Оқулықтың электронды нұсқасы балаларды ауыр сөмкеден қашан құтқарады 15.05.2021, 0
» 2021 жылы айт намазы қашан оқылады ? 11.05.2021, 0
» “Бәрін шатастырды” - Алексей Цойға қандай ескерту айтылды? 07.05.2021, 1

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы