Бейбіт өз атағын қорғап қалды (видео) » ZHARAR © 2016 | Бейбіт, жеңіске, үшінші, жерлесіміз, Шүменов, чемпионы, жетті, жекпе, қарсы, раундында, салмақтағы, Ковачқа, жектің, Супер, әлемнің, Тамаш, қорғап, атағын, словак, қалды




  • »

Бейбіт өз атағын қорғап қалды (видео)

Бейбіт өз атағын қорғап қалды (видео) казакша Бейбіт өз атағын қорғап қалды (видео) на казахском языке

Орта салмақтағы әлемнің Супер-чемпионы жерлесіміз Бейбіт Шүменов өз атағын қорғап қалды. Ол словак Тамаш Ковачқа қарсы жекпе-жектің үшінші раундында жеңіске жетті.

Шаршы алаңдағы кездесу АҚШ-тың Сан-Антонио қаласында өтті. Айқастың үшінші раундындағы Бейбіттің жойқын соққысы қарсыласын есеңгіретіп тастады. Төреші шешімімен жерлесіміз техникалық нокаут арқылы жеңіске жетті.

Бейбіт Шүменовтың шаршы алаңға шықпағанына жарты жылдай уақыт болған болатын. Ал біз осыған дейін хабарлағанымыздай, қазақстандық былғары қолғап шеберінің келесі қарсыласы IBF жүйесі бойынша Әлем чемпионы америкалық Бернард Хопкинс болуы мүмкін. Осы жеңістен кейін Бейбіт Шүменов boxrec порталы жүйесінің рейтингінде 72 саты жоғарылап, 32-ші орынға табан тіреді.



Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 5 060
Жаңалық айдары: Спорт, дереккөз
Рейтинг:
(голосов: 1)

.

. .