Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы 17-ші жеңісіне жетті

Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы 17-ші жеңісіне жетті казакша Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы 17-ші жеңісіне жетті на казахском языке

Қазақстандық былғары қолғап шебері Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы өзінің 17-ші жеңісіне жетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Өзінің кезекті жекпе-жегін Колумбияда жергілікті боксшы Франциско Кордероға қарсы өткізген Қанат қандасымыз кездесудің үшінші раундында жеңіске жетті. Осылай ол кәсіпқой бокс шаршы алаңында өткізген 17 кездесуде 17-ші жеңіске жетіп отыр.

Қанат оның 14-ін қарсыласын нокаутқа жіберіп, уақытынан бұрын аяқтаған. Ал, Кордеро үшін бұл 29 жекпе-жегіндегі үшінші жеңілісі болып тіркелді.

Бұл жеңісінен кейін отандасымыз енді WBA рейтингінің сегізінші сатысына көтерілуі мүмкін. Егер, Қанат Ислам бұл сатыға көтерілсе, онда алдағы уақытта ол WBA тұжырымындағы чемпиондық атаққа таласа алады.




  • Анализ сайта www.zharar.com