Бекболат Тілеухан жезөкшелікке салынған қыздарды қалай жөнге салу керектігін айтты

Бекболат Тілеухан жезөкшелікке салынған қыздарды қалай жөнге салу керектігін айтты

Әнші әрі қоғам қайраткері ретінде танымал Бекболат Тілеухан бүгінгі қоғамда орын алып жатқан түрлі жайттарға қатысты өз ойын ортаға салып, жезөкше атанған қазақ қыздарын қалай жөнге салу керектігін айтты. Ол "Қазақ" газетіне арнайы сұхбат берді, деп хабарлайды NUR.KZ.

Оның айтуынша, қоғам әркез өз құқығын талап етіп, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін жастарға анық түсіндіру керек.

Мәселен, қазақ тіліне мұқтаж болған қоғам оның үйренуге өзі құлық танытатынын айтты ол. Сонымен бірге, жезөкшеліктің дамып жатқанын тілге тиек етті.

"Жезөкшеліктің де дамып жатқанына біз кінәліміз. Өйткені, біз қыздарымыздан талап етпейміз. Жек көретінімізді көрсетпейміз. Қыз шылым тартып тұрса: «Ей, қаншық аузыңдағыны алып таста», - деп баяғыда Шона Смаханұлы ұрысатын.

Осылай қатты ұрысатын, бетке тура айтатын бір адам жоқ қазір. Елдің бәрі популист. Елдің бәрі жаққысы келеді. Елдің бәрі мойнына жауапкершілік алғысы келмейді.

Осындай жерде сұмырай болу керек. Жауапкершілікті мойнына алу керек. Бірақ мәдениетті түрде, сауатты түрде, заңның шеңберінде. Бұған дейін де бірнеше жыл Парламентте отырдым. Айғайладым-айғайладым. Түк бітірген жоқпын. Ал мәселенің бәрін шешетін осы талап ету. Және бұған өркениетті жағдаймен келу", - дейді ол.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады