Бекболат Тілеухан өзін "сақал қойып, уақаб болып" жүр деп айыптағандарға жауап берді

Бекболат Тілеухан өзін

Бүгінге дін мәселесі өршіп, қоғамда түрлі түсініспеушіліктер орын алып жатқан тұста әнші Бекболат Тілеуханға қатысты да біршама сындар айтылғаны белгілі. Осыған орай "Қазақ" газетінде жарияланған сұхбатта ол ел көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беруге тырысқан. Бұл сұхбаттың үзіндісін nur.kz порталы ұсынады.

- Бекболат Қанайұлы, осы сіз не істесеңіз де сынаушы табылып тұрады. Айталық, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті болдыңыз. Сын айтылды. «Бекболат уахаббист» дейтін де ауыр мін тағылды. «Жер кодексіне» қатысты дау болғанда, Сіздің адресіңізге қарай: «Халықтың сөзін сөйлей алмаса, Парламентке қайта неге барды?» деген сыңайдағы пікірлер де айтылды. Әлгіндей сөздерге қарап, қазақ баласы «бірін бірі дос тұтпайтын» жағдайға жеткендей ойға қаласыз. Ал қазаққа бұл індет сонда қайдан жұқты?"

- Үш ғасырға жуық отарлық кешкен халыққа не жұқпады дейсің. Басқыншы жұрттың девизін білесің: «Бөл де биле!». Бай мен кедей, тау мен ойпаң, сыр мен қуаң, күнгей мен теріскей деп бөліп, бір-біріне айдап салған отарлықтың қамытына жүздеген жылдар омалған елде отарлық сана дейтін құлдық психология қалыптасатыны түсінікті ғой.

Жалпы, көптің назарына шыққан соң, көптің түртпегіне түсіністікпен қарауға тырысу – қажеттілік екен. Өнерпаздықтан сіңген бе, әлде атақ-даңққа ертерек қол жеткізгеннен қалыптасқан еркелігімізден бе, еті қызған бәйгенің аты секілді тізгін бермей шауып ала жөнелістік, эмоция жетегінде кететін мінезден тапқан «пайдамыз» ғой бұл.

Өзімсініп сөйлегенімді өктемсінгендей, батырып айтқанымызды басынан ұрғандай көретінін ескермеген жаңсақтығымыздың жазасы болар, бәлкім. Олардың да жақтастары, мұраттастары бар. Көпке жақпақ жоқ. Жалпыға жақпақтықты мұрат тұту – жалпақтатып, жалтақ қылып тынады. Мақсат – айқын, арқа сүйер Алашың аман болса, «ұрыста тұрыс жоқ». Шәуілдеген әр кәнденге таяқ алып жүгірген жан жолынан қалады. Бұл – анық!

Кезінде маған «Сақал қойып, шолақ шалбар киіп, уахаб ағымында жүр» дейтін ауыр айып тағылды. Мұның барлығы өтірік, жалған!

Қазақты қазаққа жау етіп көрсетудің өзі барып тұрған ессіздік. Сақалыма келсек, бұл – Қазыбек, Әйтеке, Төле билерден, Абайдан, Ыбырайдан, Ахмет Байтұрсыновтан қалған сақал. Марченкода да (бұрынғы Ұлттық банк төрағасы, – ред.) сақал бар. Неге Марченкоға ештеңе айтпай, менің сақалыма жоқ жерден жармасатынына таңмын осы.

Былай қарап тұрсаң, өзге ағым деген ең ауыр жала ғой. Қайсымызды оңдырыпты бұл қоғам дейсіз, Ахмет Байтұрсыновты – «англиский шпион» деген, Сәкен Сейфуллинді – «японский шпион» деген. Бейімбет Майлинге – осындайсың десе, Мағжанға тағы бір күйе жағылған. Ұлттың қамына жұмыс істегендерге осындай ауыр жалалар жабылып келеді. Мен қазір ештеңеге таң қалмайтын болдым.




KZ » Қазақша Жаңалықтар жинағы, деген, Бекболат, дейтін, қатысты, отарлық, тырысқан, сұхбаттың, үзіндісін, порталы, ұсынады, Ахмет, Ұлттық, айтылды, сақал, жауап, тағылды, қазаққа, мәселесі, шпион», көптің, Бекболат Тілеухан, деген, Бекболат, дейтін, қатысты, отарлық, тырысқан, сұхбаттың, үзіндісін, порталы, ұсынады, Ахмет, Ұлттық, айтылды, сақал, жауап, тағылды, қазаққа, мәселесі, шпион», көптің, Бекболат Тілеухан, Бекболат Тілеухан өзін "сақал қойып, уақаб болып" жүр деп айыптағандарға жауап берді, Бекболат Тілеухан өзін "сақал қойып, уақаб болып" жүр деп айыптағандарға жауап берді