👈 қаріп өлшемі 👉

Ұлттық ойын: Жасырынбақ

Ұлттық ойын: Жасырынбақ

«Жасырынбақ» ойыны әдетте жаздыгүні, ай жарығында шөптесін алаңдарда, ал күндіз қорақопсысы көп, яғни жасырынатын қуысы бар жерлерде өткізіледі.

Ойнаушылар көмбеге жиналған соң саусақ санау арқылы кімнің тығылушы, кімнің іздеуші екенін белгілейді. Ойын жүргізуші іздеушінің көзін басып тұрып қатты айқайлап, елуге дейін санайды да (осы кезде ойнаушылар жасырынып үлгірулері керек) іздеушіні қоя береді. Ол жасырынған ойыншыларды іздеуге кіріседі. Іздеуші екінші рет кезекші болмас үшін бірінші көрген ойыншыдан көмбеге бұрын жетіп, хабар беруі керек. Іздеуші көрген ойнаушысын сирағынан алып тұрғызу шарт емес, ең бірінші көрген бетте-аң «Шика» деп дауыстап, көмбеге қарай жүгіруі керек. Сонан кейін асықпай басқаларын таба береді. Тағы бір ескеретін жай: іздеуші жасырынушыны көрмейінше, «шика» демейінше, өз бетінше жүгіріп, көмбеге келмеуі керек.

Саусақ санау әдісі ойында былай жүргізіледі: ойын жүргізушінің айтуымен «бір, екі, уш» дегенде, бәрі саусақ көрсетеді. Біреуі —5, біреуі —10, біреуі —2, тағысын тағы, көрсеткен саусақтың қосындысын шығарғаннан кейін саусақты ең аз берген, не ең көп берген ойыншыдан бастап айналдыра, айталың 47-ге дейін санай береді. 47-ші сан кімге түссе, сол іздеуші болады. Ойын қараңғыдан қорықпайтын батыл, түнде бағдарды дұрыс аңғара білуге, сезімталдыққа тәрбиелейді

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» "Өз жүрегіңнен ұялмайсың ба": Қайрат Нұртастың жазбасы елді елең еткізді 16.11.2021, 0
» Қазақстанда балаларға да вакцина паспорты беріледі 14.11.2021, 0
» Интернет-алаяқтардан қалай қорғану керек? 09.11.2021, 0

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы