👈 қаріп өлшемі 👉

Ұ әрпі мен дыбысы

 Ұ әрпі мен дыбысы

Мақсаты: Балаларға "ұ"дыбысымен әрпін таныстыру. Сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Сөз арқылы ойын толық айта білуге, шығармашылық еңбек етуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Балалардың ой - өрісін ойлау қабілетін, өз ойларын жүйелі әңгімелеуге дағдыландыру.
Тәрбиелігі: Адамгершілік қасиеттерін, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру.
Әдіс - тәсіл: Көрнекілік, сөздік, сұрақ - жауап, түсіндіру, қайталау, жазу.
Көрнекілігі: Ұршық суреті, кеспе әріптер, текшелер, әліппе дәптері, Ұ әрпінің баспа түрі.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

1. Психологиялық дайындық
Балалар сабағымызды бастамас бұрын бір - бірімізге жақсы тілектер тілейік. Сендер өз аттарыңды білесіңдер, ал ол қандай дыбыстан басталатынын білесіңдер ме?
Аттарың қандай дыбыстан басталса сол дыбыстан басталатын ізгі тілектер айтайықшы. Мен мына допты сендерге қарай лақтырамын, допты қағып алған бала Менің атым Ернар
Еліміз тыныш болсын!
Менің атым Бекзат
Бақытты болайық
Менің атым Шаттық
Шаттынып жүрейік
Менің атым Расул
Ризамын бәріңе.

II Өткен сабақты пысықтау
Ж дв\ыбысы дауыссыз дыбыс (жұмыртқа, жаз, жайлау)
Жұмбақ:
Айналада ақ отау
Аузы мұрны жоқ отау (жұмыртқа)

III Жаңа сабақ.
Дидактикалық ойын; «Сиқырлы сандықша»
Балалар мына сандықтың аузы құлыптаулы тұр, оны кілтпен ашу үшін мына жұмбақтың шешуін табайық. Кіруге адам батпайды,
Затыңды аман сақтайды. Бұл не? Сандық.
Сандық ашылды. Мәссаған ішінде әжемнің ұршығы бар екен.
- Ұршықты көргендерің барма?
- Ұршықтың не екенін білесіңдер ме?
- Апа, әжелеріміз ертеде бізге шұлық, қолғап, бас киімдерді қойдың жүнінен иіріп, сол жіптен тоқып беретін. Ал жүнді иіретін құрал ұршық.
Ұршық деген сөздің бірінші дыбысы қандай дыбыс?
- Ұ дыбысы.
Балалар, бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы: "Ұ" дыбысы мен әрпі.
- Ұ әрпінің баспа әріпі, Ұ ауада салайық.
- Қане айтып көрейікші,
- Ұ дыбысы дауыссыз дыбыс, қызыл текшемен белгілейміз, таңбасы сызықша.
- Ұршық сөзін кеспе әрпімен жазу. Дыбыстық таңбаларымен белгілеу
Ұ дыбысынан келетін сөздерді ойлап табайық. Ұя, ұн, ұшақ, бұғы, жұмыртқа
Сергіту сәті. Ойын «Ұшты ұшты»
Дәптермен жұмыс жүргізу.
- Балалар, біз бүгін қандай дыбыспен таныстық? Бәріміз "Ұ"деп айтайықшы. Ұзын - ұзын, ұзақ жолда
Ұшақ ұшып барады,
Ұшып келіп, ұшақ жерге қонады.
Осы өлең жолдарын жаттау арқылы сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтап қорытындылау.
Күтілетін нәтиже. Нені біледі?
Баларлар Ұ ұ дыбысы және әрпін толық танысты. Дауысты дауыссыз дыбыстарды ажыратады.
Нені игерді: Ұ дыбысының артикуляциясын дұрыс айту. Ұ дыбысы бар сөздерді оқу.
Нені білді: Дыбыстарды таңбамен сәйкестендірді. Әріптерді қосып оқу, буынға бөлу, сұрақтарға толық жауап беру......


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Алаяқтар IPO бойынша жалған мобильді қосымшаларды іске қосты 29.11.2022
» Айлакер-алаяқтар интернетте делдалдарды қалай және қандай мақсатпен іздейді 26.11.2022
» Түркия: Ыстанбұлда тағы жарылыс 17.11.2022

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы