Қыс
Мақсаты: Қыс мезгілінің ерекшелігін балаларға түсіндіру. Қыс мезгіліне деген қызығушылығын арттыру. Табиғатты бақылауға, қорғауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: жасқанбаймын, шаттана.
Оқу іс – әрекетінің көрнекіліктері: Қыс мезгілінің суреттері.
Оқу іс – әрекетінің барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Балалар бірге өлең шумақтарын айтады.
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Жарқыраған күн дейміз,
Ренжісуді білмейміз.
Жарайсыңдар балалар. Орнымызға жайғасамыз. Өткен оқу іс – әрекетті еске түсірейік. Өткен іс – әрекетте қандай тақырыппен таныстық еске түсірейік. (балалардың жауабын тыңдау)
Қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілі неше айдан тұрады?
Қыста қар неге жауады?
Қардан не жасауға болады?
Балалар бүгінгі ауа райын бақылап, табиғат күнтізбесіне қарайық. (балалар жауабын тыңдау)
Дәптермен жұмыс: Ә. Табылдының «Қыс» өлеңін жаттау.
Жас ұланмын шыныққан,
Жасқанбаймын суықтан.
Қардан жасап аққала,
Сырғанаймыз шаттана.
Тәрбиеші:
Сендерге аққала соққан ұнай ма?
Аққаланы неден соғады?
Ендеше аққала соғып көрейік.
Сергіту сәтін өткізейік: Қарды жинаймыз, дөңгелектейміз, тағы да біреуін дөңгелектейміз. Дайын қарларды бірінің үстіне бірін қоямыз. Қолын жасаймыз, көздерін, мұрынын, ауызын жасаймыз. Мінекей, аққаламыз да дайын болды. (Қимылмен көрсетеді)
Қимылды ойын: «Қар жинау».
Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Ортада екі топқа да бірдей етіп қар үйіледі. Берілген белгі бойынша шелекке қарды толтыру керек. (жеңімпаз топты мадақтау)
Дәптермен жұмыс: Жұмбақтың шешуін тап.
Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (қыс мезгілі).
Дидактикалық ойын: «Аққаланы құрастыру».
Ойын шарты: Қиып дайындалған аққаланың денелерін тақтаға апарып ретімен орналастыру керек. Балалардың көздері байлаулы болады. Ойын осылайша жалғасады.
Қорытынды:
Қыс мезгілінде қандай ерекшеліктері бар?
Қыс айында қандай мерекелер болады?
Қыс мезгілі несімен ұнайды?
Қардан тағы не жасауға болады? Балалардың жауаптарын тыңдау. Жақсы жауап берген балаларды мадақтау, бағалау. .....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?