Қазақша мақал - мәтел: Тау » ZHARAR © 2016 | Тау туралы Мақал-мәтелдер (Пословицы на казахском языке) (О горе), Тау туралы Мақал-мәтелдер, (Пословицы на казахском языке) (О горе), Қазақша Мақал - Мәтел: Тау, Қазақша Мақал - Мәтел, Тау туралы казакша макал




  • »

Қазақша мақал - мәтел: Тау

Қазақша мақал - мәтел: Тау казакша Қазақша мақал - мәтел: Тау на казахском языке

Асқар тау алыстан көрінеді.

Асқар таудай алып бол,
Әппақ күндей жарық бол.

Асқар таудың айбыны қарыменен
(Орынбай ақын).

Бұлбұлға бау жақсы,
Кекілікке тау жақсы.

Көрінген таудың алыстығы жоқ.
Табалдырықтан биік тау жоқ.

Тасты бассаң кетілер,
Сазды бассаң жетілер.

Тау айналмайды, тас айналады.

Тау баласы тауға қарап өседі
(Тұманбай).

Тау бұлағымен сәнді,
Көл кұрағымен сәнді.

Тауға сүйенген таудай пәледен аман қалады.

Таудың биіктігін төбе аңғартады,
Маяның биіктігін көде аңғартады.

Тау кезеңсіз болмас,
Өлке өзенсіз болмас.

Таулы жер бұлақсыз болмас,
Сулы жер құрақсыз болмас.

Таулы жердің қыраны көп.

Тау мен тасты су бұзады,
Азаматты сөз бұзады.

Тауына қарай тоғайы,
Шошқасына карай торайы.

Асқар таудың басына балапан ұшып шыға алмас
(Абыл).

Асқар таудың өлгені — басын мұнар шалғаны.
Көктегі бұлттың өлгені — аса алмай таудың қалғаны.
Ай мен күннің өлгені — еңкейіп барып батқаны.
Айдын шалқар өлгені — мұз болып тастай қатқаны.

Асқар таудың сәні жоқ көк майса белі болмаса.
Өзен, судың сәні жоқ аймақты елі болмаса
(Дулат).

Асу бермес асқар жоқ.

Биік таудың басы қыс,
бауыры жаз.


Санат: KZ портал » Қазақша Мақал - мәтелдер жинағы | | 8 145
Рейтинг:
(голосов: 24)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .