Педагогика | Тұтас педагогикалық процестегі оқушылардың процестегі ақыл-ой тәрбиесін ұйымдастыру жолдары

 Педагогика | Тұтас педагогикалық процестегі  оқушылардың процестегі  ақыл-ой тәрбиесін ұйымдастыру жолдары

Мазмұны
КІРІСПЕ.................................................3
І БӨЛІМ Ақыл-ой тәрбиесінің теориялық негіздері
1.1. Ақыл-ой тәрбиесі және оның мазмұны мен міндеттері.................5
1.2. Ақыл-ой психологиялық негіздері...................................................9
ІІ БӨЛІМ Тұтас педагогикалық процестегі оқушылардың процестегі ақыл-ой тәрбиесін ұйымдастыру жолдары
2.1 Ақыл-ойдың жалпы мәдениетін қалыптастыру ............................13
2.2 Оқыту барысында оқушылардың ақыл-ой тәрбиесін қалыптастыру негіздері......................................17
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................21
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................23
ҚОСЫМША.....................................................................................................24

КІРІСПЕ
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында тәрбие процесінің тиімділігін одан әрі жетілдіру ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл, әсіресе бүгінгі ғылыми-техникалық өрлеу кезеңінде айқын басымдылыққа ие. [1]
Қазіргі мектепте тәрбие беру жұмысының тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі жолы – барлық тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыруды кешенді түрде жүргізу, яғни оқушылардың жеке басы мен әртүрлі әлеуметтік топтарын ескере отырып, тәрбие салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, дене және еңбек, құқықтық пен экологиялық тәрбиелерінің өзара тығыз бірлігін қамтамасыз ету. Соған сәйкес оқыту мен тәрбиелеу қызметінің бірлігін қамтамасыз етудің маңызы ерекше.
Тәрбие берудің кешенділігін қамтамасыз ету барлық тәрбие беру мекемелерінің, соның ішінде мектептің де идеологиялық жұмысын осы міндетке сай ұйымдастыра жүргізудіңде қызметі ерекше. Оқушылардың тәрбие процесін ұйымдастырудағы мұндай көзқарас қоғамның әрбір жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту мақсатына толық сай келеді.
Ақыл –ой тәрбиесі – тәрбие жүйесінің маңызды құрамдас бір бөлігі. Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты дамуының негізі. Ақыл-ой тәрбесі еңбек өнімділігін арттыруға, еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды.
Ақыл-ой тәрбиесін беру жолдарын Л.С.Выготский, Л.В.Занков, т.б. терең зерттеді. Л.В.Занков оқушының ақыл-ойын өсіру үшін білімді бере берудің жеткіліксіздігін, ақыл-ой жұмысының тәсілдеріне үйрету керектігін дәлелдеді.
Қазіргі кездегі ойлау зерттеулерін ақыл әрекеті ретінде қарастырып, (С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, А.В.Брушлинский, А.М.Матюшкин, О.К.Тихомиров) оның ішінде ойлау процестерін (жоспарлау, проектілеу, алдын ала болжау, бағалау, түсіну, ой-қорытындылау) және ойлау операцияларын ( анализдеу, синтездеу, салыстыру, жалпылау) көрсетті.
Ақыл-ой тәрбиесі – адамның таным қабілетін дамытып, білім қорын игеруіне жол ашатын тәлім-тәрбиенің негізгі бір саласы. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы оқушылардың оқып білім алуына іс-әрекетін бағыттау – сана-сезімінің дамуына, ғылыми негіздерін меңгеруіне бағыт-бағдар бере отырып жеке тұлғаны қоғамның өркениетті даму бағытына сай жан-жақты тәрбиелеудің құрамды бөліктерінің бірі.
Ойлау құрылымының механизмін түсіну үшін ақыл-ой қызметінің репродуктивті және продуктивті бөліктері қатынастарының қағидасы ерекше маңызды. «Ойлау – шындықты танудың қорытындыланған және жанама түрдегі әдісі, бірақ оның диалектикалық, қарама-қайшылықтық бірлігінде продуктивті және репродуктивті бөліктері тұтасып кеткен» деп көрсетеді З.Калмыкова.
Н.Менчинская өз еңбегінде «Жақсы дағдыланған және нық бекітілген тәсілдерді қалыптастыру оқушылардың ақыл-ой дамуына елеулі әсер береді» деп, оның дамытушылық функциясының жоғарылауын, оқыту тәсілдерін анықтайды.
Ақыл-ой қабілеттерін дамыту тұрғысынан алғанда, дербес жұмыс оқушының алдына мәселе қойылып, мәселелік жағдаят жасалғанда анағұрлым тиімді бола түседі. Мәселелік жағдаяттар тек күрделі де елеулі міндеттер мен мәселелердің айналасында жасалып қана қоймайды, қандай да болмасын танымдық міндеттерді шешуге барудың өзі де өзекті бола алады.
Оқушылардың білім, іскерлік және дағдылар жүйесімен қаруланырудың мақсат көздеген үрдісі ретінде ақыл-ой жетекші рөл атқарады. қыту жеке тұлғаның ақыл-ойының дамуына жетекші болып саналады. Себебі, интеллектуалдық және белсенді танымдық қызмет үшін керекті ақыл-ойдың бірде-бір бағалы қасиеті жүйеге келтірілген білімдердің қорынсыз дами алмайды. Даму, ең алдымен, білімдерді меңгергенде оқушы жасайтын ой операциялары мен әрекеттердің сипаты арқылы анықталады.
Ақыл-ой тапқырлығына, қабілеттілік ісіне тәрбиелеуде едәуір мөлшерде оқытуға зерттеушілік тұғысынан қарау ісі жәрдем ете алады. Оқытудағы зерттеушілік ұстанымы өздері зерттеп отырған ғалымдарда қолданылатын зерттеулердің негізгі әдістері арқылы жаа білімдерді өз бетімен меңгере ала білуді оқу үрдісінде ұйымдастыру жағы көзделеді. Яғни, олардың қисынды ойлауын дамытып және сенімдерін қалыптастыру үшін оқушыларды дәлелдерге және өз көзқарасын негіздеуге үйрету жөніндегі жұмыстары өте пайдалы болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: қазіргі қоғамдағы ақыл-ой тәрбиесінің оқушыларды тәрбиелеудегі маңызын анықтау
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: ақыл-ой тәрбиесінің негіздерін ұйымдастыру жүйесі.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Педагогика
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Ақыл-ой тәрбиесі және оның мазмұны мен міндеттерін анықтау;
- Ақыл-ой тәрбиесінің түрлерін қарастыру;
- Халықтық педагогикадағы ақыл-ой тәрбиесінің алатын орны
мен оның құралдарына сипаттама;
- Ақыл-ой еңбегінің жалпы мәдениетін арттыру жолдарын қарастыру міндеттері.
І Бөлім Ақыл-ой тәрбиесінің теориялық негіздері
1.1. Ақыл-ой тәрбиесі және оның мазмұны мен міндеттері
Ақыл-ой тәрбиесі тәрбие жүйесінің маңызды бір құрамдас бөлігі. Себебі, жеке тұлғаның қалыптасып дамуы оның білім алуы және оқуы әрекеттерімен тығыз байланыста жүзеге асырылады. Яғни, баланың рухани дамуының негізі ақыл-ой тәрбиесінен басталады.
Ақыл-ой тәрбиесінде, балаларға білім беру барысында олардың танымдық қабілеттері артады. (байқағыштық, зейінділік, шығармашылық, қиялы, сөйлеуі, ойлауы, есте сақтауы).
Білім мен ақыл егіз. Білім – ақылдың ажары-көркі. Оны халқымыздың: «Ақыл азбайды, білім тозбайды» - деген мақалынан көруге болады. Ұлы ғұлама ғалым Әл-Фараби: «Ақылды болу үшін ғылым меңгеру, өнерге жетілу қажет», - десе, «Білімді болу деген сөз, - ол белгісіз нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады»- деп түсіндірген.
С.Торайғыров, «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам» - дегеніндей қазақ халқының біртуар ұлдары, ағартушы-педагогтары да өз халқының сауатты, білімді және мәдениетті болуын аңсаған.
«Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні кәріп» (халықтікі).
«Білім мақсат емес, қару» - деп орыс жазушысы Л.Толстой айтқандай ең алдымен білуге, білімге ұмтылу жақсы қасиет екенін ұмытпауымыз керек.
Көне грек философы Сократ: «Білмеген масқара емес, білгісі келмеу ұятсыздық», - десе, оның шәкірті Платон: «Ештемені білмейтін және бірдемені білейінші деп талпынбайтын адам - өте жаман адам, оның бойына екі кесел бірден ұялаған»-дейді.
Ендігі жерде «Ой», «Ойлау» ұғымына келсек бұл өте күрделі, қайшылыққа толы, сан қырлы ұғым. Филисофиялық еңбектерде бұған анықтама әртүрлі пікірде, қарама-қайшылықта берілген.
«Бой жетпеген жерге ой жетеді,
қыран жетпеген жерге қиял жетеді» - деп халқымыз бекер айтпаған. Олай болса, жастарды ойлай білуге, дұрыс ойлауға ерте кезден, жасынан машықтандырған абзал. Ол үшін, баланың ой-өрісін дамытуда, ең алдымен айналадағы қоршаған дүниені-табиғатты, бірте-бірте қоғамды, сонымен қатар өзінің ойлау қабілетін тани бастағаны жөн». Бұл үрдіс бір-бірімен тығыз байланыста жүргізіледі.
Бұл бағытта отбасы, бала-бақша, мектеп, тіпті жоғары оқу орындарының атқаратын қызметі ерекше. Өкінішке орай, бүгінгі таңда жоғары оқу орындарында ойлау қабілеті жетілмеген студенттерді кездестіруге болады.
Оқытудағы негізгі міндеттің бірі – адамзат ғасырлар бойы жасап келен ұшаң-теңіз материалдық және рухани байлықтарды игеру. Ол диалектикалық ойлау негізінде жүзеге асырылады.
Ал психология саласындағы еңбектерге келсек, «Ойлау – адам соның арқасында заттар мен шындық құбылыстарын олардың елеулі белгілері бойынша бейнелейді – ретін және олардың ішінде, сондай-ақ арасында болатын әртүрлі байланыстарды ашатын психикалық процесс» - деген анықтама беріледі.
Барлық танымдық процестердің арасында ой ең күрделісі болып есептеледі. Ойдың ерекшеліктері оны қабылдауымен салыстырғанда айқын көрінеді. Ойлау ми қыртысында жүзеге асатын психикалық процесс болғанымен ол табиғаты жағынан әлеуметтік болады.
«Ойлау дегеніміз белгілі бір дәрежедегі мидың дамуының нәтижесі».
«Ойлау – мидың желісі».
Ми жануарларда да бар. Одан адам миынан ерекшелігі, өмір сүрген ортасы, онымен қарым-қатынасы бар. Яғни, ойлау – қарым-қатынас нәтижесі. Ол үшін, ата-аналар мен мектеп мұғалімдері балаларды дұрыс ойлау білуге ұйрету, дағдыландырулары қажет.
Ой-танымның жоғары сатысы бола отырып, сезімдік әсерленумен және практикамен ажырамастай байланысқа түседі. Жекелеген фактілерді немесе дүниедегі құбылыстарды қабылдай отырып, адам оларды ойша өңдейді және сөйтіп олардың әрқайсысының мәнісімен өзара байланысы танып біледі.
Ойлау – дүние құбылыстары мен заттарын олардың әртүрлі байланысы мен қатынастарында танып білу. Шындықта болатын байланыстардың себептік, мақсаттық, жағдайлық, қатынастың т.б. тәрізді категориясы адам тәрбиесінде танылып, белгілі тілдік формалар мен аталып отырады».
Қорыта айтқанда «ақыл-ой дегеніміз адам бойындағы білім, санасы, ыстық сезімімен бірге оның адамдық қасиеті».
Ақыл-ой тәрбиесінің мақсат, міндеттері мен құралдары
Ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты қандай?
1. Жеке тұлғаның сана-сезімі мен рухани жан дүниесін дамыту.
2. Адамзат жасаған заттық және рухани байлықтарды меңгеру. Оларды өмірде, практикада қолдана білуге үйрету, дағдыландыру.
3. Баланы логикалық тұрғыда дұрыс ойлай білуге үйрету. Абай ақыл-ой тәрбиесі туралы: «Әртүрлі құбылыстардың, сан алуан көріністердің себебтерін, мәнісін дұрыс түсіну үшін, оларды ақыл таразысына салып, әбден өлшеу керек»,- дейді.
«Ақыл енбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз...
Ақыл – мизам, өлшеу қыл», - дейді.
Ақыл адамға ғана тән жоғары қасиет деп сипаттайды Абай. [1]
Сонымен, ақыл-ой тәрбиесі – оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту.
Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері: оқушыларды табиғат және қоғам жайындағы ғылыми білімдермен қаруландыру; ойлау қабілеттерін жетілдіру арқылы (абстрактылы – тілі, ой операциялары-талдау, синтез, салыстыру, жинақтау, саралау, т.б.) таным іс-әрекетін (іскерлік, дағды, бақылау, жазып алу, өзін-өзі бақылау, т.б.) дамытып, ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Ақыл-ой тәрбиесі дегеніміз – оқушылардың ақыл-ой күшін, ойлауын дамыту және ақыл-ой еңбегі мәдениетін дарыту үшін мұғалімнің атқаратын мақсатты іс-қызметі. Ақыл-ой тәрбиесі білім қорының жинақталуына, оқу-танымдық операцияларды меңгеруге тікелей ықпал етеді. Адамның ақыл-ойы барлық адамдарға тән адам миы қызметінің өнімі. Педагогтар және психологтар ойды және оның жеке түрлерін дамытуды ұсынады.
Ақыл-ой тәрбиесінің мазмұны – оқушылардың ақыл-ой күшін дамыту: ақыл-ойдың даму деңгейі, адамның білімді жинақтай білу қабілеті, негізгі ойлау операцияларын меңгеруі, ақыл-ой іскерлігі. Ақылдың белгілі бір даму дәрежесін ақыл-ой күштері деп атайды. Ақыл-ой күштері адамды білім қорын жасауға, негізгі ойлау операцияларын жүзеге асыруға, зиялылық біліктілікті меңгеруге қабілетті етеді. Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері де осыдан шығады.
Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері:
- ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорын жинақтау;
- ақыл-ой түрлерін дамыту;
- негізгі ойлау тәсілдерін меңгерту;
- зиялылық біліктерді қалыптастыру;
- дүниетанымды қалыптастыру;
Оқушы нақты оқу материалын – фактілерді, оқиғаларды, символдарды, терминдерді, есімдерді, заңдарды, теоремаларды меңгеріп, білім қорын жинақтайды. Білім оны қолдану саласымен, қолдану әдістемесімен байланысты. Білім қорын меңгеруде баланың мақсатқа жетуге ұмтылуы, білімді ала білуі, ақыл-ой еңбегінің мәдениеті үлкен рөл атқарады. Мұғалім ақыл-ойды және оның жеке түрлерін дамытуға міндетті.
Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып табылады. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық сапасының тереңінен әрдацым орын алады. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесідеп біледі. Тек ақылды адам ған терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. «Ақылдан қымбат байлық жоқ», «Ақылды сатып ал алмайсың», «Ақыл тозбас киім, білім сарқылмас бұлақ» деген халықтың даналық сөздерінен-ақ байқауға болады.
Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты дамуының негізі.Ақыл-ой тәрбиесі еңбек өнімділігін арттыруға, еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың, мәдениеттің жедел дамуының қайнар бұлағы екендігін үнемі естеған жөн.
Ақыл-ой тәрбиесінсіз дүниеге адамгершілікті көзқарас, саналы тәртіп пен орынды мінез-құлық, еңбек нәтижесі, экономикалық білімдер, дағдылар, тіршілік ету ортасы, табиғат және қоғам құбылыстарына талғампаздық, дене күш-қуатын арттыру жолдарын білу, қоғам өмірінің құқықтық негіздерін мгеру мәселелерін шешу мүмкін емес.
1.2. Ақыл-ой психологиялық негіздері
Ақыл-ой тәрбиесі – адам зиялылығының негізі. Ақыл-ой тәрбиесіне екі ұғым кіреді: зер салып ойлау және ақыл-ой күштері.
Белгілі психологтар мен педагогтардың еңбектерінде ойлаудың түрлері, олардың мәні, мазмұны жеткілікті зерттелген мәселелердің бірі. Сондықтан оны жеке-жеке қарастырған жөн.
Жалпы айтқанда, ойлау дегеніміз не? Ойлау деп заттар мен құбылыстардың арасындағы табиғи байланыстард және қатынастарды бейнелейтін психикалық процесті атайды. Ойлау таным іс-әрекетіндегі күрделі процесс. Ал таным – бұл әржақты процесс. Ол білмеуден білуге қарай бағытталған ой қозғалысының адам миының бейнелеуі.
Ойлау адам миы қызметінің нәтижесі. Ой –түсіну, қабылдау, елестету арқылы алынған сезімдік деректердің адам миы арқылы өңделуі, мәнге айналуы. Ойлау – барлық адамдарға тән туынды түсінік. Жеке адам даму процесіне тәрбие қоятын міндеттерге сай жедел дамитын ойлаудың нақты жақтарын немесе түрлерін қалыптастырады. Мұғалімнің міндеті ойлау түрерінің мәнін терең түсінуі, оларды тұтас педагогикалық процесте шебер қолдана білуі, оқушылардың ақыл-ой қабілетінің дамуына әсер теу тәсілдерін жете зерттеу қажет.
Енді әрбір ойлау түрлерінің тұлғаның даму процесінде алатын орны туралы сөз етейік. Нақыт және абстракт логикалық ойлау.
Нақты логикалық ойлау затты біздің қабылдауымыз. Мұны кейде көрнекі ойлау деп те атауға болады. Нақты логикалық ойлау балалардың ойнау және оқу процесінде, адамдардың еңбек іс-әрекетінде байқалады.
Абстракт логикалық ойлау жалпы және дерексіз ұғымдарға сүйенеді. Мысалы, абстракт ойлау күрделі мәселелерді шешудегі біздің ой-пікірлеріміз, яғни байымдау, ой жүгірту. Бұл ойлау түрін психологияда ұғымдық ойлау деп те атайды. Ұғымдық ойлау кейбір мәнді ұқсастық белгілерінің негізінде түсініктерді жіктерге және топтарға бөлу білігін қажет етеді.
Жинақтай ойлау бөлігі бір құбылыстар тобын қамтитын әрекеттердің ортақ принциптерін немесе тәсілдерін білумен сипатталады. Бұл жерде ойдың жинақталу дәрежесі, оның ауқымы жалпылық тұрғыдан қараудың құбылыстардың үлкен немесе кіші топтардың қамтуына тәуелді.
Алгоритмдік ойлау көздеп отырған нәтижені қамтамасыз ететін нақты әрекеттерді қатаң орындау нұсқау арқылы жұмысты іске асыру.
Индуктивтік ойлау ғылыми зерттеу немесе оқушыларға жаңа білімдерді баяндауда ойың жекеден жалпыға, деректерден жинақтауға қарай қозғалуын қажетсінеді.
Дедуктивтік ойлау жалпыдан жекеге, дербестікке қарай жүретін ойлау процесімен байланысты.........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!